«Амандасу-сәлемдесу».

Такырыбы: «Амандасу-сәлемдесу».

Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау.

Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады.

Қайырлы таң…!(Мама! Папа! Аға! т.б. ).

Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).

Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге, қоршаған жанұямға, оларға жылы сөздер айту (оқушы қолын жанына жайып, кейін түсіреді).

«Отбасы» суреті

Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.

Тестің жүргізілуі: Балаға ақ қағаз және түрлі-түсті қаламдар, ал ересек жастағы балалар жай қарандашты да қолдануына болады. Нұсқауды түсіндіріп болғаннан кейін, баланың жұмысына үлкендер араласпайды, бақылап отырады. Жұмыс уақыты белгіленбейді, бірақ бұл 10-15 минуттан аспайды. Кішкене балалардан (4-7 жас) қай жерге кімді салғанын сұрайды, ал 7-10 жас аралығындағы балаларға суретте кімдердің бейнеленгенін қасына жазып қоюын сұранады. Соңында мынандай сұрақтар қоюға болады — «Мына суреттегі адамдар көңілді ме?, Жоқ әлде көңілсіз бе?, Қалай ойлайсың? Саған егер циркке екі билет берсе, сен өзіңмен бірге кімді алар едің? Сендер қонаққа баруға дайындалып отырсаңдар делік, осы кезде отбасы мүшелерінің біреуі ауырып қалды, сен кімнің ауырып қалғанынын қалар едің?».Нәтижені талдау: Алдымен салынған суреттің көлемі мен қағазда орналасуына көңіл аударамыз. Ең үлкен дене (сурет) баланың ойынша отбасындағы ең басты тұлға.Бала өз суретін отбасында өзіне жақын тартатын адамның қасына алады. Осы кісіні бала өзімен бірге циркке шақырады.

Бала өзінен алшақ салынған кейіпкерлерге қорқынышы немесе қызғанышы болуы мүмкін. Ол отбасы мүшелерінің біреуін арқасымен бұрылдырып, болмаса оны бір затпен кедергілеп, басқаларынан жоғары немесе төмен салуы мүмкін. Осы отбасы мүшесі баланың ойынша, барлығы қонаққа дайындалып отырғанда ауырып қалады. Осы адамды бала «Екі үй» тестілеуінде көрші үйге (қара үй) кіргізеді.

Нәтижесі: ………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….Үйге тапсырма беру: Жанұя мүшелері жайлы ертегі құру.

Тексерген: