«Мен және жанұям»

Сабақтың тақырыбы: «Мен және жанұям»

Өту әдісі: топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

«Шуақты күн»

Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ойында әр түрлі ережелерді сақтауға үйрету.

Барысы: оқушы сабақта өткен таныс ережелерді сақтап, күннің жылуындай жанұясына жылы сөздер айтады. Анасына үй шаруасында көмек көрсетеді. Оны «Шуақты күн» деп атайды. Шуақты күн терезеге түсіп тұр. Оқушы далаға шыққанда көршілеріне мейірлене қарап, бір-біріне жақсы лебіз, жылы тілектерін білдіреді.

«Жіп орамы» Жанұя мүшелерімен бірге өткізу.

 Мақсаты: Жанұя мүшелеріне  бір-біріне жақындастыру сезімін қалыптастыру

Барысы: Жанұя мүшелері дөңгелене отырады. Жүргізуші қолындағы жіп орамының ұшын өзінің үлкен бармағына орап, өзін қызықтыратын сұрағын көршісіне қоя отырып (Мысалы: «Сенің атың кім, сен кімді жақсы көресің?, сен неден қорқасың? т.б.») жіп орамын көршісіне ұзатады. Ол жіп орамын алып өзінің бармағына орайды да, сұраққа жауап береді, сөйтіп ол жіп орамын ұзата отырып, келесі ойыншыға өзінің сұрағын қояды. Осылай, соңында жіп орамы жүргізушінің өзіне оралады. Жіп орамы барлық ойынға қатысушыларды бір-біріне байланыстырып, әрқайсысының ішкі дүниесін сезініп, бір-бірін жақынырақ түсінуге көмектеседі.Барлығы бірігіп бір ортақ дене кұрағандай сезінеді. Ескерту: Қиналып айта алмай отырған балаға жүргізушінің көмегі қажет жағдайда, ол жіп орамын өзіне қайта алып, балаға қажетті сөзді айтып қайта лақтырады. Осылай жасалған тәсіл жүргізуші мен баланың арасындағы қарым-қатынасты 2-3 есеге арттырады.

 

«Кеме»

Мақсаты: Сенімділігін, құлшынысын арттыру.

Барысы: Ойыншылар көбірек болса ойын қызықты өтеді. Көрпе- бұл кеме, әдемі желкен. Бір бала- капитан, қалғандары — матростар. Капитанға өзінің кемесі ұнайды, матростарына сенеді. Ойында жүргізуші жетекшілік жасайды., ол капитанның міндетін түсіндіріп отырады: қатты шайқалыс болғанда ол кемені немесе матростарын сақтап қалу үшін, кеменің ортасында тұрып жоғары дауыспен «Түсіріңдер якорьды», «Кемені тоқтат» болмаса «Бәрің жоғарыға» деп матростарына команда береді. Матростар бәрі бірге көрпенің шетінен ұстап, кемені жайлап қозғалта бастайды.

Жүргізушінің командасы бойынша «Дауыл» десе, қозғалысты үдете бастайды. Капитан көтеріңкі дауыспен команда бергенде, кемені асықпай еденге түсіреді де, барлығы капитанның қолын алып қысып, мақтайды. Рефлекция.

 

Нәтижесі: ……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………….

Үйге тапсырма беру: Анасымен бірге бір тағам жасауға үйрену.

Тексерген: