«Мәдениетті болу»

Сабақтың тақырыбы: «Мәдениетті болу»

Өту әдісі: Ертегі. Психологиялық ойындар.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

«Клякса жайындағы ертегі»

 

Мақсаты: Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, өзіне деген сенімділігін арттыру, мәдениетілікке, әсемділікке  ұмтылу.

 

Ерте-ерте замаңда кішкене қап-қара қуыста Клякса өмір сүріпті. Ол адамдарға көрінгенді ұнатпайды екен. Неге? Себебі ол қандай ортаға келмесін барлығы: «Қандай қорқынышты!», «Қандай майлы, ұсқынсыз қара Клякса!» дейді екен. Әрине, мұндай кімге ұнасын. Міне, сондықтан да ол қуыстың ішінде отырғанды жөн көріпті. Күндердің күнінде біздің Клякса жалғыз отырғаннан зерігіп, ол мейрамда қыдырып, қонаққа баруды ұйғарыпты. Ол әдемі киінейін деп, үстін сары түсті бояумен бояпты. Ол өзін күндей жадырап тұрғандай сезініп, өзіне-өзі қатты ұнапты. Көшеде кездескеннің барлығы «Қандай сары Клякся» деп үрейленіп айқалапты. Ол дүкенге кіріп қызыл бояу сатып алып, онымен өзінің шляпасын бояйды. Тағы да оны көргендер қолын сермеп, үрейленіп, «Қандай ұсқынсыз шляпа киген Клякса!» депті. Сонда Клякса көк бояу сатып алып, онымен юбкасын бояпты. Мұны да еш жан бағаламапты. Ол тағы да «Қандай үлкен жасыл юбкадағы Клякся!» (сары мен көк түстен жасыл түс пайда болады) дегенді естиді. Клякса бәріне өкпелеп, қалған көк бояуды алып өзінің қуысына оралыпты. Ол қуыстың ішін көк бояуымен бояп қараса, өзіне ұнамды, әдемі, жайлы болғанын сезінеді.

Талдау. Пікір алмасу.

«Дизайнерлер»

Мақсаты: Баланың көңілін көтеріп, талғамын артыру.

  Барысы: Ойынға анасына қажет болмай қалған, боянатын затгар (помада, пудра, т.б.) жинағы керек. Ойынды отбасы мүшелерімен және достарымен ойнауға болады. Ойын барысында сіз балалардың көңілі көтеріліп, жүздерінен өте әдемі, күлкілі, қызықты болды деген сияқты сезімді байқайсыз.

Барлығы бір-бірін бояндыруын қадағалаңыз, бірақ өзін-өзі бояуына болмайды.Ойынның соңында жақсылап жуындырыңыз.

Релаксация.

Нәтижесі: ……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..

Үйге тапсырма беру: Қуыршақ арқылы мәдениетті қыздың тәрбиесін көрсету

Тексерген: