«Қоршаған орта және мен»

Сабақтың тақырыбы: «Қоршаған орта және мен»

Өту әдісі: психологиялық тренингтер, әнгіме.

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа сабақ
  4. Бекіту
  5. Бағалау
  6. Үйге тапсырма

Жаңа сабақ:

«Төрт апат» ойыны

Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы зейінді дамыту жаттығуы.

Егер «Жер» деген сөзді айтса, қолын төмен түсіреді. Егер «Су» деген сөз айтылса, қолдарын алдарына көтересің, ал «Ауа» десе, қолын жоғары көтересің.

«Шапалақты тында» ойыны

 

Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы ойын, зейінін дамыту.

Жүргізілу барысы: Бір рет шапалақтағанда «тырна» секілді тұрып қалулары керек. Екі шапалақ «құрбақа» секілді тұрып қалу, үш шапалақтаң соң «қоян» секілді қалу керек. Төрт рет шапалақтағанда қайтадан бастапқы қалыпқа келулері керек.  Рефлекция.

 

 «Ғажайып сурет»

Мақсаты: Қиялын, ойлауын дамыту.
Қажетті заттар: ақ қағаз, түрлі-түсті қаламдар.

Барысы: Баладан әр түрлі гүлдердің (бәйшешек, қызғалтақ, раушан, т.б.), көкөністердің (қияр, сәбіз, қарбыз, банан, т.б.) жемістердің (алша, алма, өрік, жүзім, т.б.). біреудің бейнесін, бір нәрсенің көрінісін-қыздың бейнесін, жануардың, машинаның, балықтың, т.б. суретін салуды өтіну).

Ескерту: Бала жұмыс істеп отырғанда ешқашан асықтырмау керек.

 

Қорытынды: Салыстыру, мадақтау, Бала қандай сурет салса да, қандай түсті таңдаса да жұмысын мадақтау қажет.

 

Нәтижесі: ……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………

Үйге тапсырма беру: Айналадағы әлем туралы суреттер жинау.

Тексерген: