Нуклейн қышқылдары. АТФ.
Сыныбы: 9 сынып Пәні: Биология Мұғалім:Инсенова Қ.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Нуклейн қышқылдары. АТФ.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жасушадағы нуклейн қышқылдары туралы білімді игерте отырып, өмірдегі маңызы туралы ұғындыру. Топпен және жұппен жұмыс істеуге, ойлауға, сұрақ қоюға дағдыландыру, өзін-өзі бағалуға үйрету, өз бетінше білім алуға қызығушылын ояту.
Сабақтың міндеттері: Топпен жұмыс жүргізеді.Алған теориялық білімдерін топ ішінде талқылап практикада қолдана білуді түсінеді. Логикалық ойлауы дамиды , сөздік қорлары молаяды, сұрақ қою дағдылары жақсарады.
Әдіс-тәсілдері:, insert стратегиясы, кестемен жұмыс, топтық жұмыс.
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық, интернет.
Ресурстар: Интербелсенді тақта.Электрондық оқулық, флипчарт,маркер,стикер,кестелер.
№ | Сабақ кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Күтілетін нәтиже | Бағалау |
1. | Ұйымдастыру | 3мин | Топқа бөлу. 1,2,3.
| Оқушылар санау арқылы топқа бөлінеді. | Оқушының сабаққа деген ынтасы артады | |
2 | Үй тапсырмасын сұрау | 5мин | Сұрақты жазбаша дайындап, көршілерімен алмасу тәсілі. 3 сұрақтан.
. | Оқушылар сұрақты қағазға жазып, көршісімен алмасады. жауап береді. Сұрақ қояды. | Оқушылардың білімдері байқалады. Сұрақ қою дағдысы қалыптасады. | Дұрыс жауапқа бір балл. Жұлдызша бере отырып бағалаймын. Сары 3 ұпай Жасыл 2 ұпай Қызыл 1 ұпай |
3 | Жаңа сабақ | 3 мин.
25мин
| Миға шабуыл . Сұрақты тап. 1.Оқушыларға жауаптар интербелсенді тақтада беріледі. Оқушылар жауаптарға қарай сұрақтарын айтады.
Мағынаны тану. 2. insert стратегиясын пайдалана отырып, мәтінге белгі қойып оқу арқылы топпен жұмыс істейді.
І топ. ДНҚ ІІтоп РНҚ ІІІтоп АТФ
Сипаттама беру, постерге түсіріп, жұмысты қорғау.
|
Топпен жұмыс жасайды. Айтқандарын дәлелдейді, Өмірмен байланыстырады. Талқылайды, сұрақ қояды, бағалайды. | Оқушылардың бұрынғы білімдері мен логикалық ойлаулары байқалады. Тақырып мазмұнын ұғынады. Insert әдісі арқылы бір-біріне жаңа сабақты меңгертеді. Ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. | Бағалау критерийлері: Кестенің толық болуы: 1-4балл Сұраққа жауап 1балл Тақырыпты түсіндіруде ойын нақты жеткізу:1-4б
|
4 | Бекіту | 8мин | Қорытындылау.Ыстық орындық тәсілі. Тақтаға 1 оқушы шығып, орындыққа отырады. Қалған оқушылар сұрақ қояды. Сұрақ саны 5. Жаңа тақырып бойынша бірнеше оқушылар шығады.
| Бір-біріне сұрақтар қояды. | Оқушылардың бүгінгі сабақта не білгендерін анықтау. Бақылау Диалогқа түсу арқылы ауызекі сөйлеу дағдылары дамиды.
| Дұрыс жауапқа бір балл. Жұлдызша бере отырып бағалаймын.
|
5
| Рефлесия
| 2мин
| 1. Кері байланыс. Бас бармақ әдісі.
Бас бармақ жоғары қараса , онда … Мен түсіндім Бас бармақ көлденең қараса … Мен түсінгендеймін Бас бармақ төмен қараса … Мен түсінбедім.
2. Сұрақтар салынған қорап. Сыныпта оқушылар осы қорапқа өздері түсінбеген сұрақтарын салып қалдырады, ол сұрақтар келесі сабақта талқыланады.
| Ойларын жүйелейді, қорытындылайды,
Сұрақ жазады. | Кері байланыс арқылы оқушылардың бүгінгі сабақ туралы ой пікірі байқалады.
Сұрақтар арқылы оқушыларға түсініксіз сұрақтарды білу және анықтау. | |
6
|
Үйге тапсырма
|
2мин
|
Үй тапсырмасын тақтаға жазу ,нұсқау беру. |
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады |