Денсаулық құпиялары

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: денсаулықты сақтау, нығайту қжеттігі туралы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық мақсаты: денсаулықты нығайтуға қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік мақсаты: өз денсаулықтарын күттіммен қаруға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Айналдым сенен, Атамекен-ай!

Кең далам! Толғанайын! Толғайын!

Домбырам қолға алайын, Жырлайын.

Қазағымның даласындай,

Көзімнің қарасындай,

Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

Теңіздей тебірендім, тербедің.

Сапарда сағынышым сен менің.

Дүние-ай, сырларындай,

Мөлдіреп тұнғанындай,

Сағындым сені-ай, Атамекен-ай!

Сағыныш мұңдарыңдай,

Айналдым сені-ай, Атамекен-ай!

Атамекен деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

  • Сенің атамекенің несімен көрікті?
  • Табиғаттың қандай құбылысы ұнайды?

Атамекен аясы – адамның жан саясы.

Халық даналығы

Қарлығаштың ұясы

Кәдуілгі балшықтан өрілген қарлығаштың ұясы.

Ұяны бұзсақ қайтеді? – деді көрші қыз. Гүлжамал ойланып та үлгермеді. Ұзын бойлы қыз қолындағы таяқты шірене сілтегенде, тебетей сияқты балшық қақ бөлініп, жерге құлады. Сырт көзге ғана үлкен адамның уысындай.

Ал ішінде қауым тіршілік, дүйім дүние. Жүн-жұрқа, мамық баяу қалқып, ауада көлбей тұрып алды. Сол ортада көрші қыз ғайып болды. Гүлжамал бесіктен аударылғандай бей-берекет күй кешкен балапандарға ұмтылды. Жарық дүниеден үміттенгендеріне көмегін көрсетуге әрекеттенгенінде, екі қарлығаш та сарайға енді. Біреуі бөлмеде аялдап, екіншісі ізінше кері ұшып кетті де, көрші үйлерден топ қарлығашты ілестіре жетті. Құстар мұншалықты ұйымшыл болар ма? Қолға түскен қарақшы қызды олар ортаға алып, қанаттарымен сабалап жүр. «Бейбіт тыныштығымызды бұзған қандай әдепсіз бала едің? Сен де ұлы адамзаттың ұрпағымын дейсің-ау!»деп кінәлап, сөгетіндей. Қызының ойбайлаған дауысын естіп, арашаға ұмтылған анасынан шошынып қарлығаштар бөлмені босатты.

Ау, мұның не, қызым?

Астан-кестен дүниені байқап, апасының түрі бұзылды.

Апа, менің жазығым жоқ. Екі көзі боталап, шырқырағанына қарамай жазасын берді.

Енді көр де тұр, қарлығаш сенің үйіңе ұя салмайды, дейді апасы үш балапанды балшық тебетейдің жарты сынығына салып жатып.

Апасы ұяны құрастырып, балапандар мысыққа жем болмасын деп, иттің ұясының қасындағы жиюлы отынның үстіне қойды. Балапандар сол арадан жетіліп ұшты.

Апасы сол бір ақылсыз іске араласқаны үшін бір апта бойы Гүлжамалды қасына жатқызбады.

Ең өкініштісі қарлығаштар, бұдан кейін қанша күн өтсе де, бұның үйіне ұя салмады.

 

  • Қарлығаш не үшін үйдің шатырына ұя салды, деп ойлайсыңдар?
  • Гүлжамалдың құрбысының  әрекеті туралы не айтуға болады?
  • Сендер Гүлжамал мен оның құрбысының орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

 

Адамның туған жері, өскен ортасы ерекше ыстық болады.

Ата-бабадан ұрпаққа мұра болып қалған құтты қоныс, қасиетті мекенді атамекен деп атайды.

Өздерің тұратын аймақтағы «Қызыл кітапқа» енген жан-жануарлар мен құстар туралы қысқаша әңгіме құрастырыңдар.

Табиғатқа қамқорлық жасауға байланысты сөздерді қойып, сөйлемді өз ойларыңмен аяқтаңдар.

  1. Егер мен мұғалім болсам, … .
  2. Егер мен ауыл басшысы болсам, … .
  3. Егер мен орманшы болсам, … .
  4. Егер мен дәрігер болсам, … .
  5. Егер мен депутат болсам, … .

Өс, ұлан!

Сау болсын десең

Он екі мүшең,

Ерте тұр!

Құлақ түр,

Тыңда сыр.

Жапырақтар жырлар,

Гүлдер сыбырлар.

Күн нұрын күт!

Таза ауа жұт –

Бойыңа құт.

Жүгір,

Селмен жарысып.

Жүгір,

Желмен жарысып.

Нұрға сылан,

Болып қыран

Өс,ұлан!

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.