Табиғатқа құштарлық

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштарлық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: табиғат ұғымын түсіндіру, табиғатты аялауға үйрету

Дамытушылық мақсаты:  табиғатқа деген аялы қарым қатынастарвн дамыту

Тәрбиелік мақсаты: табиғатты сүюге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Біз осылай өсеміз

Таң атады арайлап,

Күн күлімдеп туады.

Жадырайды бар аймақ,

Жарқырайды шуағы.

Дала гүлін жинаған,

Жазып ерлік дастанды.

Аталарым сыйлаған

Бізге ашық аспанды.

Жарқын заман бөбегін

Аялайды нұрлы таң.

Алтын бесік өз елім,

Туған өлкем Ұлы Отан.

  • Табиғи тағамдарға нелер жатады?
  • Таза ауа, су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
  • Денсаулық мекенін қайдан табуға болады?

Өсиет әңгіме

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті.

Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты.

Үлкен ұлы денсаулық­тың мекенін табиғаттың “Саялы орманынан”, ортаншы ұлы денсаулық­тың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен, ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.

Ұлдарына дән риза болған қария, үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.

Қария бақытты да баянды, ұзақ ғұмыр кешіпті.

  • Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?
  • «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?

Таза ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, спорт адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Суреттерге қарап, «Табиғатпен біргеміз» тақы­рыбына әңгіме құрастырыңдар.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәрiмiз.

Р. Сәтiмбекұлы

Көктем

Көктем келіп шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

 

Дала гүлге толыпты,

Аққу көлге қоныпты.

Алақай-ау, алақай!

Көктем қандай,

Көктем қандай көрікті.

Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля

Көктем қандай,

Көктем қандай көрікті.

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.