Отанымды сүйемін

Сабақтың тақырыбы:  Отанымды сүйемін

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Отан, сүйіспеншілік, татулық туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, мақтанышын арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, патроиттық тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері

Отан деген…

Бірде құрбыластарым бас қосып, көңілді әңгімелесіп, сөз таластырып қалдық.

– Біз тұратын көше ауылдағы ең әдемі көше, жап-жалтыр асфальт төселген, –деді Мадина.

– Ешбір көше біздің көшеге жетпейді. Жол жиегі жап-жасыл ағаштар, тіптен өзіңді паркте жүргендей сезінесің,–деп мақтанышпен сөйледі Меруерт.

– Ой, қыздар-ай, біздің көше ше?! –деп, сөзін бастай берген Розаны Салтанаттың киліккен сөзі бөліп жіберді.

– Қойыңдаршы, қыздар. Бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ, бір үлкен қаладай-ақ бұл ауыл… –деп қабағын шытты.

– Қыздар үн-түнсіз қалды… Бәрі де Салтанаттың сөзін іштей мойындағандай. Өткір мінезді Самалдың қатқыл үні бәрімізді елең еткізді.

– Неге, неге олай дейсің, Салтанат? «Отан» деген құдіретті ұғымның өзі осы өз ауылыңнан, өз көшелеріңнен басталмай ма? Өз көшелеріңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отанды қалай сүймексің? – деп жатыр.

Сол сәт мен де Самалдың өтімді сөзін толқи тыңдадым. Ойыма «Отаншыл болу от басынан басталады» деген батыр ағамыз Бауыржан Момышұлының аталы сөзі оралды…

  • Балалар өз көшелерін қалай мақтан етті?
  • Ал сендер «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?

Төменде берілген суреттерді пайдалана отырып, «Менің Отаным» деген тақырыпта айтып беріңдер.

Ризамыз саған біз.

 Қ. Ыдырысов

Күнде шат күліп күн –

Өміріміз жайдары.

Мәңгілік бақыттың

Өзіміз – айғағы.

Күлеміз, ойнаймыз,

Демалып алаңсыз.

Ризамыз саған біз,

Ұлы Отан – анамыз!

ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.