Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру

Тақырыбы: Оқушылардың жазу сауаттылығын арттыру

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 41-бабында «Мұғалім мен оқушының білім игеру деңгейінің Мемлекеттік стандарттан төмен түспеуіне кепіл болу керек» деп міндеттесе, 8 – бабында «Мемлекеттік стандартты басшылыққа алу арқылы білімділіктің деңгейін, жалпы білім сапасын көтеру – білім беру жүйесінің міндеті» — деп шығармашылықпен жұмыс істеуді талап етеді. Ал, адам бойындағы керемет қасиет, асыл қазына – ақыл, ой және сананың сапалылығымен өлшенеді. Өз тәжірибемде оқушылардың білім сапасын көтеру үшін жазба жұмыстарын көбірек пайдаланамын. Себебі, жазба               жұмысы – сапа көрсеткіші. Жазба жұмыстарды зерделей, саралай отырып, «Мониторинг» тәсілімен үздіксіз жұмыс істеу – үлкен нәтижелерге жеткізеді. Оқушылардың жазба жұмыстарындағы қатені нақты ашып көрсету – қатені екінші рет жібермеуге жетелейді. Ол үшін қатемен жұмысты оқытудың жаңа технологияларының талабына қарай ұйымдастыру қажет. Осындай мақсаттағы жұмыстарыма тоқталайын:

 

  1. Тоқсандық бағалау және өздік жұмыстарды, тест және шығармашылық жазба тапсырмаларды алғаннан кейін, тексеруге мән беремін.
  2. Әрбір баланың қатесіне тереңірек үңілемін.
  3. Ұқсас қателерге қарай оқушыларды топқа бөлемін. Қатемен жұмысты әртүрлі тәсілмен, әртүрлі ортада ұйымдастырамын:

А) Жеке баламен жұмыс жүргізу.

Ә) Топпен жұмыс жүргізу.

 

Қазақ тілінен алынған жазба жұмысындағы қате бойынша саралау кестесі.

 

ТопҚате бойынша жұмыстың бағытыОқушының аты
1- топЕкі дауыссыздың қатар келуі.Нұрсұлтан, Бауыржан, Жұлдыз, Асылан.
2-топДауысты «и» мен дауыссыз «й» дыбыс әріптерінен.Айнаш, Ахат, Гүлсара.
3-топ«н», «ң» дауыссыз дыбыс әріптеріненАсылан, Ахат.
4-топЖалқы есімнің жазылуынанСалтанат, Нұрсұлтан, Бауыржан.
5-топТыныс белгілеріненСалтанат, Амандық, Мәдина.

 

Білім қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғаммен байланыстырудың бір тәсілі – үнемі оларға ой тастайтын сұрақтар беріп отыру, олардың жауап бере алуы немесе бере алмауы маңызды емес, олардың осы сұрақ төңірегінде өздерінің жауап іздеуі маңызды. Бұл оқушының ой – өрісін дамытуы үшін ізденуіне әкеліп тірейді. Өзінің ой – өрісінің дәрежесінің қандай екендігі және нені білу керек екенін түсінеді.

 

М. Жұмабайұлы түсініп оқымай, жаттап алушылыққа үзілді – кесілді қарсы.

 

Баланы оқыту үшін оның жүрегіне ең алдымен нақты бейне, сурет орнату керек деп кеңес береді. Мысалы: әр бала өз салған суретінің астына өзінің аты жазылған суреттің дұрыс салынбағандығын қаламайтынын ескеру керек. Сонымен бірге балалар алғашқы жазатын сөздердің таныс тұрмыстан болуы шарт. Бұл оларды сауаттылыққа үйретеді. Бірден жазу жаза бастағанда  сөз мағынасын түсінбесе қатемен, сауатсыз жазу деген осыдан қалыптасады. Жалпы бала бойына нені сіңіріп, нені талап ету керек?

 

  1. Естіген, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру.
  2. Белгілі – бір әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу.
  3. Дайын әңгімені өз ойынан толықтыру.
  4. Балалар жиналысында өз пікірін дәлелдеп сөйлеу.
  5. Әдебиет әсерлі кестелі, қатесіз, өлшеулі, өлшейсіз, сурет, жай әңгіме сипаттарына қарай сөйлей білу.
  6. Оқығанды суретке салу, әдебиет әсерін сахнаға айналдыру.

 

Сөзсіз, бұл жұмыстардың бәрі бастауыш сыныптардағы жұмыстардың күрделенген түрі. Пәнаралық байланысты жүйелі, ұтымды пайдалану арқылы ойды еңбекпен, білімді тұрмыспен, арман – қиялды имандылық – ізгілікпен ұштастырып отыру керек. Әрбір оқушы өмірде өз орнын тауып, батыл қадам жасау үшін, өзіне сенімді, адамдарға деген көңілі жақсылыққа негізделу үшін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек деп ойлаймын.

 

Ағартушы «Бала не нәрсемен айналысса да ісіне ынталы болуын, мұғалім барлық білімге ана тілін негіз қыла білгенін, болмаса, тілі түзелгенмен ойын сөзбен ұқтыра білмейтін, сөз болып жарыққа шыққан ойды ұға білмейтін балаға ешбір білім беру мүмкін еместігін» дәл басып дәлелдей білген.

Оқығанды суретке салу немесе суретке қарап әңгіме құрастыру баланың ойын дамытып қана қоймайды, олардың қоршаған ортаға көңіл аудара білуді, сұлулықты, әдемілікті, түсінуді қалыптастырады, үйге берілген тапсырманы орындауға қызығушылығын арттырады. Сондықтан мұндай тапсырмаларды үйге беруді өз тәжірибемде жиі қолданамын. Сурет пәнін осылайша басқа пәндермен байланыстыра отырып, сонымен бірге дене шынықтыру, сурет, ән – саз, еңбек сабақтарын көбінесе сабақ кестесінде 3 – сабақта өткізуге тырысамын.

 

Бұл оқушыларды сергітуде, дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін, еңбекті оймен ұштастыруға әсерін тигізеді. Шығармашылық жұмыстың маңызды бір бөлігі – ертегі, әңгімелерді сахнаға айналдыру. Бұл мәселеге де М. Жұмабайұлы өте қатты көңіл бөлген. Шәкірт бойында әртістік қабілетті ғана дамыта қоймай, сценарий, режиссер сияқты мағлұматтарды ала бастайды. Ұйымдастыру, басқару қабілеттері аңғарылады.

 

Пәнаралық байланысты дамытудағы негізгі бағытым – барлық пәндерді ана тілімен байланыстыру. Өз ойын дәл, нақты, дұрыс жеткізу, басқа адамның пікірімен санасу, олардың да ойын бөлісу, тыңдай білу деген сияқты қарапайым ұғымдарды үйрету. Өзіндік пікірі бар, бірақ өзгені де сыйлай білетін, өз ойын нақты жеткізетін, өзін дамытып отыратын жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін ана тілі пәнін барлық пәндермен халықтық педагогика ілімін қолдану арқылы жақсы байланыстыруға болады

 

Бастауыш сыныптардың басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.

 

Өздеріңіз көріп отырғандай жазба жұмысын зерделеп, саралап отыру, оқушының әрбір тақырыптан алған білім сапасы мен әлі де болса қайталауды қажет ететін тақырыбын айқындайды. Бұл саралау кестесі, мұғалімнің жұмысын айқындап,  анықтай түседі. Ол үлкен жетістікке әкеледі. Оқушының жазба жұмысын диагностикалау – олардың білім сапасын көтереді.