Оқымысты бала. Міржақып Дулатов

Сабақтың тақырыбы: Оқымысты бала. Міржақып Дулатов

Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнынан үлгі алуға , біреудің қатесін қайталамауға үйренеді.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: өлең шумақтарын зерттей оқу арқылы мазмұнын түсіну, идеясын ашуға мүмкіндік беру

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: салыстыра алуға, есте сақтауды, мәнерлі оқуды, өз көзқарасын дәлелдеуді дамытады

Тұлғалық нәтиже: еріншектікке бой бермеуге, ата-анасын сыйлауға тәрбиеленеді

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру

І. Қызығушылықты ояту.

Жалқаулық, құрал-саймандар жайлы жұмбақтар жасыру.

  • Балалар, жасырған жұмбақтар не туралы болды?
  • Ендеше бүгінгі өтетін мәтініміз де жалқаулық кесірінен тырнауыштан таяқ жеген еріншек туралы болмақ. Мақсатымыз – кейіпкер сияқты жалқау болмай, керісінше еңбексүйгіш бала болуды мақсат ету. Жалқаулықтың неге әкеп соғатынын анықтау.

ІІ. Мағынаны тану                                 

Мәтінді мұғалім мәнерлі оқиды.

Оқушылар тізбектей оқиды.

Өздігінен дауыстап, түсініп оқу.

Өздігінен іштей оқу.

Түсініксіз сөздермен жұмыстау.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:

  • Бала қайда келді?
  • Әкесі не деді?
  • Баланың жауабы қандай болды?
  • Бала неліктен осындай жауап қайырды?
  • Бала қандай құралдың атын ұмыттым деді?
  • Осы құрал оның есіне түсті ме? Қалай?
  • Қалай ойлайсың, бала шынымен тырнауышты ұмытуы мүмкін бе?
  • Дәлелде: 1. Жұмыс істегісі келмегендіктен, өтірік ұмытты 2. Қалада көп жүріп, өз тілін ұмытты 3. Тырнауыш оның ұмытқанын есіне түсірді

Сергіту сәті

ІІІ. Ойтолғау

Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма

«Тырнауыштың балаға ақылы» деп 1-2 сөйлеммен балаға ескерту жаз

Сабақты қорытындылау

Үй жұмысы: (9-10 б) мазмұны

Бағалау.