Құрама есептер шығару, бір және екі амалмен шығарылатын есеп құрастыру

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты:

Біліміділік: Құрама есептер шығару,  бір және екі амалмен шығарылатын есеп құрастыру, амалдарды орындау, салыстыру арқылы оқушылардың алған білімдерін пысықтау.


Дамытушылық:Математикалық тілін, логикалық ойлауын, ауызша қосу және азайту дағдысын, есте сақтауын, қиялын, зейінін, тапқырлық қабілетін дамыту

Тәрбиелік:Жылдам есептеуге, тапқырлыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, достық қарым-қатынасқа, тазалықты сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Хабарлару, сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, практикалық, талдау.

Сабақтың түрі:Ойын сабақ.

Көрнекілігі:Балықтар, сөзжұмбақ, түлкі мен қасқырдың суреті.


Пәнаралық байланыс:Әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақ барысы

І.Қызығушылықты ояту.

Психологиялық дайындық.

Кел, балалар, шапалақтап

Алақанды ұрайық

Жаңылғанды ортаға алып

Бір өнерін сұрайық

Жаңылмастан есепті

Біз шығарып тұрайық.

ІІ. Мұғалім: Сабақтың мақсатымен, барысымен оқушыларды  таныстыру

Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға  қонақтар келіп отыр. Ол келген қонақтар бізден көмек сұрап келіпті. Көмек беруге дайынбыз ба, балалар?

Оқушылар: — Иә, дайынбыз.        

Қасқыр мен түлкі: Балалар, біз сенерден көмек сұрауға келдік!

Берілген тапсырмаларды орындап балық ұстауға көмектесіңдерші!

Жақсылықтарыңды  ұмытпаймыз!

ІІІ. Су түбіне саяхат.

Сөзжұмбақ шешу.

Сандық – ондық

ІV. Ханшайымға көмектес

40 + 6 = 46                      50 + 8 = 58

10 + 2 = 12                      10 + 4 = 14

  1. V. Көркем жазу.

Математикалық диктант

10 және 60 сандарының  қосындысына  8–ді қос. 10 + 60 + 8 = 70 +8 = 78

70-ке 12 мен 6 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт.70 +  ( 12 – 6 )= 70 + 6 = 76

65 пен 5 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт. ( 6 5 – 5 ) – 30 = 60 – 30= 30

90-ға 11 мен 9-дың айырмасын қос. 90 + ( 11 – 9 ) = 90 + 2  = 92

VІ. Сергіту сәті.

Ұлпа қарды ұстап ал.

VІІ. Оқулықпен жұмыс.

№2. а) Ләззатта 8 ертегі кітап, одан 3-і кем жануарлар туралы кітап бар. Ләззаттта барлығы неше кітап бар?

Ертегі кітап – 8

Жануарлар туралы кітап — ? 3-і кем

Барлығы — ? кітап

Ш: (8 – 3) + 8  = 5 + 8 = 13

Ж: Ләззатта барлығы  13 кітап бар.

ә) Ләззатта 8 ертегі кітап, одан 3-і кем жануарлар туралы кітап бар. Ләззаттта  неше жануарлар  туралы  кітап бар?

Ертегі кітап – 8

Жануарлар туралы кітап — ? 3-і кем

Ш: 8 – 3 = 5

Ж: Ләззатта 13 жануарлар туралы  кітап бар.

№ 3. Сурет бойынша есеп құрастыру.

а) Торт – 70 теңге                                        ә) Торт – 70 теңге

Кәмпит — ? 40 теңге арзан                          Кәмпит – ? , 40 теңге арзан

Ш:  70 – 40 = 30                                               Барлығы –  ? теңге

Ж: Кәмпит 30 теңге тұрады.                        Ш: 70 + ( 70 – 40 ) = 70 + 3 0 = 100

Ж: Кәмпит пен тортқа барлығы 100 теңге төледі

№5. Ұжымдық жұмыс

5 дм 7 см  >50 см                  1 м > 90 см

41  см = 4 дм 1 см                                  10 дм =1 м

10 кг + 30 кг  < 90 кг – 60 кг                 9 кг + 8 кг > 5 кг + 7 кг

18 кг – 9 кг >15 кг – 7 кг                       46 кг – 6 кг = 40 кг

№ 6. «Кім тапқыр ойыны?»

    50 – 30 = 20                                 65 – 60 = 5                                    15 – 7 = 8

VІІІ. Алма жинау ойыны.

 

80 + 3 = 83                   20 + 1 = 21

30 + 2 = 32                  10 + 2 = 12

14 – 10 = 4                   20 + 20 = 40

40 + 3 = 43                   30 + 3 = 33

8 + 6 = 14                     80 + 9 = 89

20 + 8 = 28                   47 – 40 = 7

17 – 8= 9                    13 – 10 = 3

10 + 10 = 20                 60 + 5 = 65

Түлкі: Рақмет, балалар! Сендер нағыз доссыңдар!

Қасқыр: — Сабақтарыңды жақсы оқыңдар, сау болыңдар, балалар!

ІХ. Бағалау

 

Оқушылардың аты – жөніХаншайымға көмектесМатематикалық диктантОқулықпен жұмысАлма теру ойыны
1Кеңес Диас    
2Клишкарин Батырхан    
3Кужагулов Саламат    
4Кусенова Ләззат    
5Наурзоа Дамир    
6Парахат Нұр    
7Сарсенбаева Кундыз    
8Сатова Аделина    
9Сиранова Рамина    
10Уайіс Бағлан    
11Убайдуллаева Райхан    

Х. Үйге тапсырма
№ 4 есеп, 89 – бет