Бір таңбалы санға көбейту және бөлу

Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы санға көбейту және бөлу.

Сабақтың мақсаты: Білімділік.

Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудмен таныстыру.Жаңа білімді меңгерту.

Дамытушылық. Ойын әдістерін пайдалана отырып,бөлу мен көбейту амалдарын орындауға қызығушылығын ояту, шапшаң есептеуге машықтандыру.

Тәрбиелілік. Еңбекті сүюге,күз байлығын қадірлеуге, тобының намысын көтеруге жігерлендіру.

Сабақтың түрі:    Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:    Сұрақ-жауап,топ жарысы.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,жеміс сурет үлестірмелері, «Кім жылдам?»ойыны

 

 

Сабақтың барысы:

І . ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты 3 топқа бөлу.

  1. «Алғырлар»
  2. «Тапқырлар»
  3. «Зерделілер» Топқа бөлудің мақсатын түсіндіру. Әр топқа өз аттарын қорғауға уақыт беру.

 

  1. Алғырлар тобы: -Алда болып әрқашан

                                      Бермейміз қолдан намысты!

  1. Тапқырлар тобы:- Жауапты тез береміз

                                       Жеңіп кетті демеңіз.

  1. Зерделілер тобы:- Ойымызды түйеміз

                                        Білімді терең үйеміз

Айтқан ұрандарына сәттілік тілеп,сабақтың жүру тәртібін түсіндіру. Яғни, сабақтың жарыс түрінде өтілетінін, оның ішінде жаңа білімді игеру басты мақсат екеніне тоқталу.

І.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.

  1. Үй тапсырмасын және өткен сабақ туралы білімдерін пысықтау

Сергіту сәті: — Қыс құнар береді.

Көктем дән егеді.

Жаз күтіп баптаса,

Күз жинап, тереді.

2.Өткен білімді тиянақтау.

Жемістер мен көкөністердің интерактивті тақтадан суреттерін салып көрсету. Оқушылар өз топтарына қысқы азық жинайды. Дұрыс жауапқа қиылған тақтадағы ұқсас жемісті немесе көкөністі ұпай ретінде беру.

 

ІІ. Ойын «Менің қамбамда» деп аталады.

Топқа сұрақ Кім не жинағысы келеді? Сурет артындағы тапсырманы орындау шарты.

 

 

 

  • Санды нольге көбейткенде не шығады?

 

 

 

  • Көбейтудің қасиеті?

 

 

  • санды 1-ге көбейткенде не шығады?

 

 

 

 

  • санды нолге бөлсек не шығады?

 

 

 

 

 

 

  • тез көбейту әдісі

көбейткіштерді қосынды түрінде алып жеке көбейтіп алып қосу.

 

 

 

 

  • қалдықпен бөлуді қалай тексереміз.
  • Бөліндіні бөлгішке көбейтіп, оған қалдықты қосамыз

 

-Масса өлшем бірліктерін ата.

Жеңген топты құттықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Ой шақыру» Топтастыру әдісін пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сандарды аттату. Күніміз шығып тұрса тез қимылдап, егінімізді жинап алайық.Олай болса, балалар, бүгін біз көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жолдарын үйренеміз.

 

Интерактивті тақтадан көбейту мен бөлудің жолын түсіндіру.

1432                                     2864    2

* 2                                        -2       1432

2864

8

—  8

 

 

6

—    6

4

—  4

0

№2 мысалдың үстінгі жолына 3 топтан 3 оқушы тақтада түсіндіре отырып,шығарады. Қатеге өз топтарынан көмекке келеді. Топ намысына мадақтау сөздерін айту. Астынғы өлшем бірліктерімен берілген жолды өз беттерімен баған түрінде орындайды.

№3 мысалды «Егін жинаймыз» яғни қысқы азыққа бидай орып алуымыз керек екен дей отырып, топтық жарыс түрінде орындату. Қай топ бұрын, тез орындап бітсе, топ басшылары мүшелерінің дәптердегі жұмысының дұрыстығына көз жеткізіп, яғни көмектесе отырып, өздерінің жұмысты аяқтағанынн білдіріп, хабарлайды. Оқиды. Дұрыс орындалған топқа 100кг,1000кг,100000кг бидай жинайды. Орындарына қарай керісінше кг-ды тоннаға айналдыру.

Қамбасына бидай суретін беру.

 

№5 пен №6 ауызша орындалады. Тақтада суреті көрсетіледі.

А) кран 1 сек -3м биік                    90м:3м=30 сек

? -90 м биік                                   Жауабы: 30сек көтереді.

 

ә) жұмысшы 6мин -36бұйым

10 мин -? Бұйым

А)1мин -14г ауа                              1сағ -60мин

1сағ -? грамм ауа                        14г*60=840 г ауа

ә) 2мин -120 сан                             120:2=60

10 сек-?                                            60*10=600   Жауабы: 600 сан

 

Сергіту сәті: Күзгі жеміс пен көкөністер туралы өздері дайындап келген жұмбақтарын қарсылас екі топқа қояды.

№7 Теңдіктің тура болу себебін тақтадан көре отырып, түсіндіріліп шығарылады.

 

(15+20+25)*4=15*4+20*4+25*4 яғни көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланғанымызды айтып түсіндіру.

 

Мысал 9 «Күзгі жапырақтар» деп аталатын бұл бөлімде әр топқа бірнеше түрлі жапырақтар түрін тақтадан көрсетіп , соның 3 түріне ! орын, 2түріне ІІ орын,1 түріне ІІІ  орын жариялау.

 

  1. Жаңа сабақты бекіту. «Қамбамызды толтырайық» бөлімінде алдымыздағы суретті таблицаны шығару, тапсырма қосымша сұрақтарға жауап беру.
  • Бүгін қандай жаңа сабақ өттік?
  • Көбейту мен бөлудің дұрыстығын қалай тексереміз?
  • Көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға қалай бөлеміз?
  1. Қорытындылау

Жинаған жемісі көкөнісін салыстыра отырып, топтарға орын беру.Білімдерін бағалау.

6.Үйге тапсырма түсіндіріледі

 

№8 теңдеу. Шығармашылық тапсырма

  1. Сабақтың аяқталғандығын хабарлау.