Дара және күрделі етістік

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік

Сабақтың мақсаты: 1)Білімділігі: Оқушыларға дара, күрделі етістік туралы

мағлұмат  беріп, сөйлем ішінен дара, күрделі етістікті

таба білуге дағдыландыру.

 

2) Дамытушылығы: Компьютер алдында өздерін еркін

ұстап жұмыстануға, шығармашылық ойлау

қабілеттерін дамытуға, дербес жұмыс жасауға үйрету.

 

3) Тәрбиелігі: Сыпайылыққа, төзімділікке, әрбір істі

саналы, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Кестелер, «Кім жылдам?» ойыны, суреттер, сызбалар

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, өзіндік жұмыс, әңгімелеу, топтастыру.

 

Сабақтың түрі:  Дамытушылық.

Сын тұрғысынан ойлауды оқу және жазу арқылы дамыту.

 

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық. 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Ой ашар .

  1. Жаңа сабақ.

Кітаппен жұмыс.

Сергіту сәті.

Шығармашылық жұмыс.

Топтық жұмыс.

Өзіндік жұмыс.

Суретпен жұмыс.

  1. Сабақты бекіту.
  2. Үйге тапсырма.

VII. Бағалау.

І. Психологиялық дайындық   (оқушыларды ұйымдастырып, көңілдендіріп алу)

 

Қазақ тілім өз тілім дара тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл, қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым дара тілм.

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 445-жаттығуды әр қатардан бір-бір оқушыдан оқиды. Күркіреді, сіркіреді, жарқырады сөздерін қатыстырып құраған сөйлемдерін оқиды.

 

 

  1. Сөз таптарын ата
  2. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін қай сөз табы?
  3. 3. «Кім тапқыр» ойыны. Сөздерге қойылатын сұрақтарды сызбамен көрсет.

(интерактивті тақтамен жұмыс)

 

 

 

Бор             Мұғалім      Қоян

Кім?       Темір                                       Асан           Не?

Ғарышкер        Ағаш      Нағашы

 

 

  1. Жалқы, жалпы есімдерді тап, сызықпен көрсет (ережелерін сұрау)

Абай

Тау

Жалқы есім:            Ертіс

Жалпы есім:            Дәрігер

Астана

Аға

Әміре

  1. Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді.
  2. Етістік нешеге бөлінеді?

 

ІІІ. Жаңа сабақ: Ой ашар: Жұмбақ шешу.

Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек.

Ол не? (Домбыра)

Оқушыларға домбыра сөзін қолдана отырып дара, күрделі етістіктеоге    сөйлем құрату.

-Балалар, біз бүгінгі сабақта дара, күрделі етістік жайлы алған білімімізді әрі қарай жалғастырамыз. (Ережесін жазу)

  1. Кітаппен жұмыс.

-Балалар кітабымыздың 146-ші бетіндегі 446-жаттығуды орындаймыз.

Етістіктерді не істеді? Қайтеді? Сұрақтарына жауап беруіне қарай топтап жазу.

 

Не істейді?                                                  Қайтеді?

Өсіреді,сыпырады, иіреді,           сайрайды, шаңқылдайды, ақырады,

емдейді.                                         боздайды.

 

Не істейді?- сұрағына 1 оқушы, қайтеді?- сұрағына 2 оқушы тақтада орындайды.

 

 

  1. Сергіту сәті:

     Жазу жаздық шаршадық,

Талып қалды қолымыз.

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

 

  1. Шығармашылық жұмыс: 447-жаттығу 1) Соңғы сөздердің мағынасына қарай өлең құрастыру

…………………. торғайды.

…………………. қорғайды.

………………….ойнаймыз

………………….ойлаймыз.

2)  Көктем айларын сұрай. Наурыз мерекелері жайлы әңгімелеу.

 

 

VI Топтық жұмыс.

«Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз» тақырыбына , қысқаша « ЭССЕ» жазу.

VII. Өзіндік жұмыс:  448-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, етістіктерді табу.

1.Ажар  билейді. 2. Әсет сурет салып отыр. 3.Құстар жылы жаққа ұшып кетті. 4. Сәуле ертегі оқыды.

 

  1. Суретпен жұмыс: Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен қосып айту. (интерактивті тақтамен жұмыс)

 

арсылдайды     Мысық

Әтеш                                                    шегіртке

                 шырылдайды                        шақырады

  ызыңдайды               шыбын                 ит

 

 

Х. Сабақты бекіту:  Сызбамен жұмыс. «Оқушы» сөзіне дара және күрделі етістіктерді қосып айту.

оқыды, оқып отыр.

биледі, билеп жүр.

Оқушы                    жазды, жазып отыр.

келді, келе жатыр.

ойнады, ойнап жүр

 

  1. Үйге тапсырма: 450-жаттығу орны ауыстырылып берілген сөздермен сөйлем құрап жазу.

 

Бағалау: Оқушылардың білімдерін жауаптарына, белсенділігіне қарай бағалау.

 

 

Cабақтын тақырыбы  Мәнін түрлері

 

Сабақтың мақсаты 1 Білімділік