Физикалық және химиялық құбылыстарды зерттеу
Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстарды зерттеу
Мақсаты: Физикалық және химиялық құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату,
заттардың өзгерістерін сипаттай білу.
Құрал-жабдықтар: 1-2 сынауық, сынауық қоятын тұрғы, парафин, таттанған темір шеге, мыс сым,
таттанбаған темір шеге, спиртшам, сіріңке, кішкене алма, кішкене ағаш шиі, мұз, суы
бар стакан, қысқыш.
Практикалық жұмысты орындау барысы:
| № | Жұмысқа нұсқау | Тәжірибенің орындалуы |
| 1 | Мұзды, суды, су буын салыстырыңдар. Су буын алу үшін суды сынауыққа құйып, спиртшаммен қыздырып, буландырыңдар. | |
| 2 | Парафинді жағып, аз уақыттан соң сөндіріңдер. | |
| 3
| Таттанған темір шеге мен таттанбаған темір шегені салыстырыңдар. | |
| 4 | Ағаш шиін қысқышпен ұстап, спиртшамның жалынында қыздырыңдар. | |
| 5 | Мыс сымды төске балғамен ұрып жапырыңдар. Дәл сондай мыс сымды жалынға ұстаңдар. Құбылыстарды салыстырыңдар | |
| 6 | Алманы кесіп, аз уақытқа қоя тұрыңдар. Не байқалды? Бұл қандай құбылыс? |
Қорытынды: