Ұйымдағы қарым – қатынас және жеке адам
Сабақтың түрі: Орта мерзімді
Пәні: Психология сабағы
Сыныбы: 6 сынып
Тарау: Ұйымдағы қарым – қатынас және жеке адам
№ | Тақырыптар | Негізгі іс — әрекет | Мақсат — міндеттері | Негізгі идеялар | Құрал — жабдықтар | Модульдер |
1 | «Әдептен озбайық» | · сұрақ – жауап · тренинг: «Мен қандай түсті ұнатамын?» · ассоцация · ой қозғау · мәтінмен жұмыс · әңгімелесу · ойын: «Әдепті сөздер» · топтық жұмыс · тренинг: «Жағымды сөз» | · Оқушылардың қарым – қатынас мәдениетіне әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту арқылы бағытталады · Сабақ барысында диалогтік сұрақтар арқылы оқушыны ойлануға, салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйретеді · Оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдетіп, оқушылардың этикалық қарым – қатынасын дамыту арқылы ізетті, ілтипатты сыпайы болуға тәрбиелейді. | Адамның айналамен қарым – қатынаста жағымды қасиеттерді мәдениеттілікпен көрсете алуы әдептілікке әкеледі. | · дәптер; · қаламсап; · маркер; · плакаттар; · стикер; · интерактивті тақта · аудиокассета
| 1. Жаңа тәсілдер 2. СТО 3. АКТ 4. Бағалау 5. Дарынды балаларды оқыту 6. Жас ерекшелік 7.Көшбасшылық
|
2 | «Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері» | · талдау · диагностика · сұрақ — жауап · логикалық тапсырмалар · таным үрдістерін зерттеу · диагностикалық тренинг | · Оқушыларды жеке адамның психологиялық жақтарын зерттеу арқылы ерекшеліктерін ажыратуға дағдыландырады · Сабақ барысында диагностикалық зерттеу жұмыстары арқылы оқушыны ойлануға, салыстыру арқылы топтық және өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыруға үйретеді | Көптеген адамдардың ішіндегі жеке адам бір емес, екі және одан да көп темпераменттік типтердің белгісіне ие болады. | · дәптер; · қаламсап; · маркер; · плакаттар; · стикер; · интерактивті тақта
| 1. Жаңа тәсілдер 2. СТО 3. АКТ 4. Бағалау 5. Дарынды балаларды оқыту 6. Жас ерекшелік 7.Көшбасшылық
|
3 | «Ұжым ахуалы және жеке адам» | · сұрақ – жауап · ассоцация · топтық жұмыс · пікірлермен алмасу · тренинг: «Жемістер» · социометриялық әдіс · талқылау және талдау | · Ұжым ахуалын зерттеу арқылы жеке адамның ролін көрсетеді · Жеке адамның психологиялық даму ерекшеліктеріне әсер етуші факторларды анықтайды. · Ұжымдағы қарым – қатынас ерекшеліктерін түсінеді | Әрбір жеке тұлғалардың ерекшеліктері шағын ұжымның ахуалын құрайды. | · дәптер; · қаламсап; · маркер; · плакаттар; · стикер; · интерактивті тақта
| 1. Жаңа тәсілдер 2. СТО 3. АКТ 4. Бағалау 5. Дарынды балаларды оқыту 6. Жас ерекшелік 7.Көшбасшылық
|