«Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдері»

Тақырыбы: «Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдері»

 

Мақсаты: Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдерімен оқушыларды таныстыру.

 

Керекті құралдар: Парақтар, түрлі түсті қарындаштар, күннің суреті.

 

Жаттығу «Суретті аяқта да жалғастыр».

Мақсаты: Жүйке-психикалық күшті түсіру, топтың белсенділігін арттыру.

Нұсқау: «Бір ақ парақтан және өзіңізге ұнайтын түсті қарындашты таңдап алыңыз.Мен шапалақ соққанда ,өзіңіздің қалауыңыз бойынша, сурет салыңыз. Мен келесі шапалақ соққанда суретіңіз бен қарындашыңызды  оң жағыңдағы көршіңе бересіз. Сурет шеңбер бойымен айналып қожайынына келгенше жаттығу жалғасады.

Мүмкін біреу өзінің суретін жалғастырғысы келетін шығар, өзгерткісі келетін шығар. Немесе қайтадан салғысы келетін болар? »

Анализ:

Сізге суретіңіз ұнадыма? Өз ойларыңызбен бөлісіңіз.

Басқа адамның суретін жалғастыру қиын ба?

 

Мағлұмат беру.

Психолог: Жүйке-психикалық күшті түсіру тәсілдерінің бірі босансу. Өткен сабақтарда біз бірнеше жаттығуларды үйрендік. Жүйке күшін түсіру үшін, адамға өз-өзін ұстай білуі көмектеседі.

Жаттығу «Эксперимент»

Мақсаты: Өзін-өзі ұстауға үйрету.

Әр қатысушыға бір қарағанда тәртіпсіз орналасқан әріптерден тұратын мәтіндер жазылған қағаз үйлестіріледі және мәтінді оқу тапсырмасы беріледі.

Нұсқау: Сіз 30 секунд ішінде 3 қатар үзіндіні оқу керексіз:

 

ЖОСпарҒАСӘйкесТІІС-шараЛАРАТҚАрылды

ОТансүйГІШТІКкеТӘУЕЛсізДІКтіқұрметТЕУГеөзеЛІНІҢБелсенДІАЗАМатыболУҒАтәрбиеЛЕУМАҚСАтымеНТАНЫМдыҚКОНФЕРЕнцияӨЗДЕңгейІНДЕӨтті

сынЫПЖЕТЕКШілерәРСЫНЫПтатаЛДАПТҮсіндіРУНАСИХАттаужұмЫСТАРынжүРГІЗді

 

Анализ:

Тапсырманы орындау оңай болды ма?

Тапсырманы тез орындау үшін сізге қандай қасиет көмектесті?

Өз-өзін ұстауды дамыту үшін не істеу керек?

 

Жаттығу : «Ааааа»

Мақсаты: Тиімді тәсілдермен стресті жеңу.

Нұсқау: «Терең тыныс алыңыз.Өкпеге ауа жинап алып, демді шығарған кезде «Аааааа»-деп әндетіңіз. Ауамен бірге сіздің ішіңізден шаршағаныңыз шығып кеткендей етіп сезініңіз. Ал, ауаны ішке сорған кезде, ауамен бірге қуанышты ойларды да сорып жатқандай сезініңіз ».

Анализ:

Өз сезіміңіз туралы айтып беріңіз.

 

Жаттығу: «Сілкіп таста».

Мақсаты: Жағымсыз, негативті сезімдерден ойлардан айырылу.

Нұсқау: «Жағымсыз, негативті ойлардан айырылу үшін оңай тәсілмен таныстырғым келеді. Алақандарыңызды, қолдарыңызды, иықтарыңызды сілкіп қағыңыз. Қаққан кезде барлық жаман ойларды, сезімдерді сілкіп түсіріп тастап жатырмын деп ойлаңыз. Содан кейін аяқтарыңызды сілкіңіз. Басыңызды сілкіңіз, бетіңізді сілкіңіз. Барлық жағымсыз ойлардан, сезімдерден айырылдым деп ойлаңыз».

Анализ: Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?

 

Рефлексия.

Жаттығу «Келесі кездескенше»

Мақсаты: Қорытындылау, қатысушылардан жауап алу.

Нұсқау: «Менің қолымдағы күн төңірегіне шуағын, жылуын, шапағатын шашып тұр. Сіз бір-біріңізге осы күнді сыйлап бүгінгі сабақ туралы өз ойларыңызбен, сезімдеріңізбен бөлісуге болады. Жылы тілектеріңізді айтуға бо