Елім деп соғар жүрегім

Сабақтың  тақырыбы:  Елім деп соғар жүрегім

Мақсаты:  «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 Міндеттері:

  • Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;
  • Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;
  • Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер ,оқулықтар

Әдіс-тәсілі: сұрақ — жауап

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:             

Оқушылармен  амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар шеңберге тұрып, Қ. Мырза Әлидің «Өз елім» атты өлеңін орындайды. Әнді оқушыларға үнтаспадан  тындауға да болады.

Жаңа ақпарат: 

Халықтың қажетіне жарап, ұрпақтар мұратының орындауын жолында қызмет ету – әрбір азаматтың міндеті.Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік, қызмет – азаматтықтың көрінсі. Ел, жерін сүйетін адам туған топырағының кешегісін бүгінімен, бүгінгісін ертенімен жалғастыра алады. Бойында ұлттық намыс пен ұлттық мақтанышы бар адам өз еліне адал қызмет етіп, оның жарқын болашағына сенеді. Отанын қастерлеп, білімі мен еңбегін елінің мүддесіне игілігіне жұмсайды.

Жүректен —  жүрекке:

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып төмендегі «Астана» өлеңін оқып, сабақты аяқтайды.

 

Саян дала құт қонған мекен еді,

Даналарым алға елін жетеледі.

Төле би мен Қазыбек, Әйтекенің

Есімдерін ұран ғып көтереді.

Бірге соғып жүрегі халықпенен,

Абылай хан сара жол салып берген.

Абыройын қазақтың асқақтатып,

Туған жерін бөледі даңқпенен.