Ана тілі – жүрек үні.

Сабақтың  тақырыбы:  Ана тілі – жүрек үні.

Мақсаты:  оқушыларға ананың қоғамдығы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру.

 Міндеттері:

  • Оқушыларға әлемдігі барлық жақсылық пен игі істердің ен асыл сезім – ана махаббатынан тараитығын түсіндіру;
  • Балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір — құрмет сезімдерін дамыту;
  • Адамзат баласының алдындағы үлкен парыз – ананы сүюге, ана еңбегін ақтай білуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: суреттер, оқулықтар.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, пікір алмасу,

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:             

Оқушылармен  амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар шаттық шеңберін құрып төмендегі өлең жолдарын оқиды.

Мен де бір перзентімін маң  даланың,

Қазақтың қара сөзі – қанбағаным.

Ананың аппақ сүтін ішкендіктен,

Адамдық адал жолды тандағаным.

Жаңа ақпарат:

Адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттердің бәрі анадан… Ананың тілі, ананың мейірбандығы, ананың махаббат сезімі, ізгілігімен ізеттілігі, ақ көңілі мен адал ниеті – бәрі – бәрі адамға ана құрсағында жаттқанда – ақ түйіндеп, ананың ақ уыз сүтімен бойға сіңеді. Батыр да, бағылан да, көсем де, шешен де, данышпан да – бәрі анадан. Сондықтан да болар – ау, атам қазақ ана парызын әке парызынан әлдеқайда жоғары қояды. «Анады көтеріп, меккеге үш рет апарсан да, анаға мәңгі бақи қарызсың» деген сөз соны анғартпайма?

Әркім өз анасымен мақтанады, оны мақтайды, мадақтайды. Мен де, ел сияқты,  анаммен мақтанамын, тұла бойымда титімдей ізгі қасиет болса, оны сол анамнан ауысқан деп білемін…

Дәйексөз:

Адамның бойына ана сүтімен бірге сіңген, мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан ұлы дәстүр – анаға деген махаббат. Осы белгілі жәйді қайта – қайта айтудан, жастардың құлағына құя беруден жалықпаймыз. Үлкендердің жағымды қылық, өнегелі істерін, жақсы дәстүрлерін жастар дамыта отырып, өзіне кейінгілерге табыс етуін арман етеміз.