Талаптыға-нұр жауар

Сабақтың  тақырыбы:  Талаптыға-нұр жауар

Мақсаты:  оқушыларды алдына қойған мақсатын, табиғи дарынын, қабілетін жетілдіруде ізденуге, талаптана білуге үйрету.

 Міндеттері:

  • Өмірде адамның алдына қойған түрлі мақсаттаырмен ойлаған ойларын жүзеге асыруда талаптың алтын орны туралы түсінік беру;
  • Оқушылардың талаптанк барысында адамгершілік, ізгілік құндылықтарын тірек етіп алуына ықпал ету;
  • Оқушыларды табиғи дарынын дамыта білуге, еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, пікір алмасу,

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:             

Оқушылармен  амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Шаттық шеңбері:

Мұғалім балалардың біріне А. Есенбаеваның «Талап» атты өлеңін оқып шығуды ұсынады:

 

Талаптын мініп тұлпарын,

Кейде шауып, желемін,

Өмірдің шатқар қырларын

Аралап көріп келемін.

«Талап» атты тұлпардың

Жал – құйрығын түйемін.

Еңбек етіп, тер төгіп,

Жүрген жанды сүйемін.

Жаңа ақпарат:

Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады.Һәм талаптың өзі де түрлі – түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соны түссе де, бірінен – бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтыны болмайды…

Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадыр іздеп, сол талапта болады. Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, малдыны сөзге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді.Әрқайсысы қазаққа яки бір бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі бұлдамақта болып, «осының бір сыпыра елеу азық болар» деген талаппен жүр».