Еңбек-өмір мәні

Сабақтың тақырыбы.  Еңбек-өмір мәні

Сабақтың мақсаты 1. Оқушыларға еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті деген сөздің мән мағынасын ашып түсіндіру мен қатар  еңбекке тәрбиелеу.

Міндеттері:    

  • оқушыларды мақсатқа жетуге баулу;
  • еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:   І. Шаттық шеңбері

                                     ІІ. Әңгімелесу

                                     ІІІ. Мәтінмен жұмыс

                                     ІV. Шығармашылық жұмыс.

  1. Дәйексөз

                                     VІ. Тапсырма

                                     VІІ. Оқу ақпараты

                                     VІІІ. Жүректен жүрекке                  

Шаттық шеңбері .

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Д. Әлімжановтың «Еңбек-өмір мәні» атты өлең жолдарын оқиды.

Әңгімелесу.

  • Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
  • Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?
  • Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы аңызды оқып, сұрақтарға жауап беру.

Шығармашылық жұмыс. «Адам көркі — еңбек» тақырыбына ақын, жазушы ретінде өлең, әңгіме құрастырыңдар. Суретші ретінде сурет салыңдар.

Дәйексөз. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады..

Тапсырма. Оқулықта берілген өлең жолдарын оқып, еңбек туралы түйінді ойларды іріктеп анықтаңдар.

Оқу ақпараты. Қоғамда еңбек ету барысында адамның өмірге дағдылануы қалыптасады, ал еңбектің қарапайым түрінен күрделі түріне көшу жолында оның ойлау қабілеттері одан әрі дамып, жетіле түседі. Ал, өз бойындағы табиғи қабілетін дамыту, сол жолда тынымсыз еңбектену әр адамның өзіне байланысты. Оқушының басты еңбегі-жақсы оқу, сапалы білім алу. Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік-күшін, жігерін соған бағындырса, өзін – өзі кемелдендіріп, үлкен жетістіктерге жетеді, қоғамда өз орнын таба алады.

Үй тапсырмасын беру. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

Жүректен жүрекке.

Оқушылар сабақты Н. Байғаниннің мына өлең жолдарымен аяқтайды:

Жастыққа еңбек ету қандай қызық,

Қуаныш билемей ме бойды кернеп?..

Қызықты тұрмысымды етем десең,

Аянбай маңдай термен істе қызмет.

Бағалау