Жақсылық-жан жадыратады.

Сабақтың тақырыбы.  Жақсылық-жан жадыратады.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:    

  • жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;
  • жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

                               ІІ. Әңгімелесу

                               ІІІ. Назар аударыңдар

                               ІV. Мәтінмен жұмыс

  1. Тапсырма

                               VІ. Тыныштық сәті

                               VІІ. Түйіндеме

                               VІІІ. Жүректен жүрекке                  

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтады.

Әңгімелесу.

  1. Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
  2. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Назар аударыңдар. «Жақсыда жаттық жоқ» дейді қазақ. Жақсының – бәрі жақсы. Менің ғана түсінігімше, қазақтың бойындағы ең жақсы қасиеттер мыналар: тектілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетушілік, «өлі риза болмай, тірі байымайды» дейтіндігі, аңқылдаған ашық, ақкөңілділігі, астындағы жалғыз атын қонағына сойып тастауға дайын тұратын жомарттығы, сегіз қырлы, бір сырлы өнерлілігі, дарындылығы, алғырлығы, сөзге шешендігі, сөзге ұсталығы, икемділігі, қойдай қоңыр мінезі мен төзімділігі, ұлттық салт-дәстүрге беріктігі, жан баласының көңілін қалдырмауға талпынуы, ниетінің түзулігі, жеті атаға дейін қыз алыспайтын қанының тазалығы, т.б. жүздеген, тіпті, мыңдаған жақсы жақтары бар.

Ж. Кененбай.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы А. Қоныстың «Сөз құдіреті» әңгімесін оқыңдар.

Тапсырма. Оқулықтағы  Ғ. Мүсіреповтың мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

  • «Адам күлдірем деп күйдіреді, сүйдірем деп сүріндіреді» немесе «жұбатам деп жылатады» дегенді қалай түсінесіз?

Тыныштық сәті. Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Түйіндеме. Жақсылық төрт түрлі болады. Біріншіден, жақсылық жасауға бейім адамды біз жақсы адам дейміз. Екіншіден, ізгілік пен кісіліктің өзін де жақсылық дейміз. Үшіншіден, ол-тамақ, дәрі және пайдалы дене тәрбиесі. Төртіншіден, жақсылық деп флейтада ойнауды, театрдағы ойынды т.с.с. өнері айтады.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне ізгі тілектер айтады.

Үй тапсырмасын беру. «Жақсылық» сөзіне сөз жұмбақ құрастырындар.

Бағалау.