Ар – намыс керек адамға.

Сабақтың тақырыбы.  Ар – намыс керек адамға.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:    

  • ұят, ар, намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;
  • адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
  • адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

                               ІІ. Әңгімелесу

                               ІІІ. Мәтінмен жұмыс

                               ІV. Тапсырма

  1.   Назар аударыңыз

                               VІ. Түйіндеме

                               VІІ. Жүректен жүрекке                  

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Қандай жағдайда ішкі дауысыңызды тыңдайсыз?
  2. Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттері көмектеседі?

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Балқар аңызы» атты аңыз әңгімені оқиды.

Тапсырма. Оқулықта берілген мәтінді оқыңдар. Мәтінде айтылған «Өлімнен ұят күшті», «Өлімнен намыс жоғары» деген сөздерді талдап, түсіндіріп беріңдер.

Назар аударыңдар. Әр адамның бойында абырой, намысы болса, алмайтын асуы қалмайды, ұлттық салт-дәстүрін, ана тілін құрмет тұтып, патриоттық сезімі жоғары болатынына ешқандай күмәнің болмайды. Бұл да – ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі.

Түйіндеме.

Ар-намысыңның пәктігі –

Жан-дүниеңнің шаттығы.

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру. «Ар – намыс керек адамға» тақырыбына эссе жазыңдар.

Бағалау.