Мінез – адам көрсеткіші.

Сабақтың тақырыбы.  Мінез – адам көрсеткіші.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың мінез-құлық туралы түсініктерін кеңейту.

 Міндеттері:    

  • мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету;
  • жақсы мінез қалыптастыруға ықпал ету;
  • адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   жаңа сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы: І. Шаттық шеңбері

                               ІІ. Әңгімелесу

                               ІV. Мәтінмен жұмыс

  1. Тапсырма

                               VІ. Оқу ақпараты

                               VІІ. Дәйексөз

                               VІІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, Қ. Нақысбековтың өлеңін оқиды.

Әңгімелесу.

  1. Неліктен «Мінез-адам көрсеткіші» болады деп ойлайсың?
  2. Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?
  3. Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?
  4. Жаман мінезді қалай түзеуге болады?

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы А. Құнанбаевтың өлеңін оқыңдар.

Тапсырма. Оқулықтағы В.А. Сухомлинскийдің өсиет сөздерін оқып, ойдарынды ортаға салыңдар.

Оқу ақпараты. «Мінез – кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі ерекшелігінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез кісіні әр қырынан көрсетіп тұрады… Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік, күшті, тұрақты, айқын, салмақты т.б. негізгі сапаларға бөлінеді».

Дәйексөз.

Кісіге екі дүниеде пайдалы (нәрсе) –

Ізгі іс немесе мінезі түзулік.

Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік.

Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

Ж. Баласағуни

Жүректен жүрекке. Оқушылар оқулықтағы Ш. Мұхамеджановтың «Сыйластық» өлеңін айтып сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру.  «Мінез – адам көрсеткіші» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Бағалау.