Әсемдік-өмір жарасымы

Сабақтың тақырыбы.  Әсемдік-өмір жарасымы

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың сұлулық, табиғат, өнер туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • табиғат, өнер, өмір әсемдігінің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу;
  • сұлулықты, әсемдікті сезіну және қолдану іскерліктерін дамыту;
  • әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:  І. Шаттық шеңбері

                                  ІІ. Әңгімелесу

                                 ІІІ. Оқу ақпараты

                                 ІV. Дәптермен жұмыс

  1. Тапсырма

                                 VІ. Дәйексөз

                                VІІ. Жүректен жүрекке 

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Әңгімелесу.

  1. Адамды сұлу ететін не нәрсе?
  2. Әсем, сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар?
  3. Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер?

Оқу ақпараты. Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады… Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.

Мәтінмен жұмыс. Оқушылар оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарымен берілген Ә.Кекілбаевтың «Әлди» әңгімесін оқып ,талдауда оқушыларға ананың әлдиі бөлеген әсем сезімдердің өмірде  қандай орны бар екенін түсіндіру. Өмірдегі әсемдіктің өзі ананың  махаббаты деген асыл  сезіммен басталатынына көңіл  аудару.

  • Осы мәтінде әлди мен әсемдіктің  байланысы қандай ?
  • Әлди бөлеген әсем сезімдерді  атап бере аласыңдар ма?
  • Тағы басқа қандай өнер  түрлері  сізді әсемдікке бөлей алады?

Дәптермен  жұмыс.  Тәттімбеттің күйі «Саржайлау» естіген тыңдағандарың болса онда не туралы айтылғанын дәптерге шығарма ретінде жазу. Күйде табиғаттың сұлулығы туралы  шертілетінін  естен шығармаңдар.

Тапсырма.  Оқулықта Ә. Нілібаевтың  «сұлулық» өлеңі берілген  Өлеңді оқып отырып өмірде кездесетін сүлулық туралы өз ойларын айтады.

Дәйексөз . Адам бойындағыының бәрі де- бет-пішіні де, киім-киісі де жан дүниесі де, ақыл ойы да сұлу болуға тиіс.  А.П.Чехов

Жүректен жүрекке   Сен сұлу М.  Жұмабаев

Үйге тапсырма беру.  Сен сулу өлеңін жаттау.

Бағалау.