Салауаттылық-өмір негізі

Сабақтың тақырыбы. Салауаттылық-өмір негізі

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың денсаулық, салауаттылық туралы түсініктерін кеңейту  және өз өмірін сақтауға үйрету.

Міндеттері:

  • салауатты өмір сүрудің мәнін ашу;
  • салауатты өмір сүруіне ықпал ету;
  • денсаулығын бағалауға, салауатты өмір ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:   І. Шаттық шеңбері

                                     ІІ. Әңгімелесу

                                     ІІІ. Назар аударту

                                     ІV. Мәтінмен жұмыс

  1. Оқу ақпараты

                                     VІ. Дәйексөз

                                     VІІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне ізгі тілектер айтады.

Әңгімелесу.

  1. «Салауаттық-өмір негізі» деген ойға көзқарасыңыз қандай?
  2. Сен салауатты өмір салтын ұстанасың ба?
  3. Денсаулыққа зиян қандай заттарды білесің? Олардың адам өміріне қандай зияны бар?

Назар аударыңдар. Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей ұзақ өмір сүрген болар еді.

Мәтінмен жұмыс. Оқулықтағы Р. Пернеханқызының «Қателіктің арты өкініш» мәтінін зейінмен оқып шығады.

Оқу ақпараты. Есірткі- бұл адамның көңіл күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол  адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір шырмалған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады. Шығатын жол біреу, ол-салауатты өмір сүру. Өз сеніміңе берік болу.

Дәйексөз. «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі».

Жүректен жүрекке. Оқушылар шеңбер құрып, барлығы қосылып «Көңіл көктемі» әнін айтады.

Үй тапсырмасын беру. «Менің қалауым-салауаттылық» тақырыбына ой-толғау жазыңдар.

Бағалау