АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫН ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ!

Набиев Қанат Бөдейұлы, Семей қаласындағы №33 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫН ДЕСЕҢ, БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ!

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасында  «Басты мақсатымыз — елімізді баянды ету мен қазақтардың ұлт болып өркендеуіне жол ашатын  мәдениетінің құлаш жаюына мүмкіндік туғызу»,- деп атап көрсеткен болатын.  Бұл мақсатты іске асыру ұлтымыздың тарихи қалыптасуындағы тәлім-тәрбиесін, соның ішінде халқымызға тән отбасылық тәрбие дәстүрлерін зерделеу мен оны бүгінгі күннің талаптарына сай болашақ азаматтарды тәрбиелеуде пайдалану жолдарын қарастырумен шешілмек.

Отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуына қатысты тұжырымдар мен ой-пікірлер  өте ертеден бастау алған. Оларды ата-ана өнегесiмен қатар ата-аналық парыздар негiзiнде кемелдендiре түсемiз. Бұл жөнiнде ата-аналарға мынадай мiндеттердi жүктейдi:  өмiр есiгiн жаңа ашқан нәрестеге жақсы ат қою; балаға жақсы тәрбие беру; баланы еркелетiп сүю, оларға мейiрiмдi болу; солай бола тұрса да баланы шектен тыс еркелетпеу; балаға жақсы тәрбие беру; баланың тәрбиесi мен бiлiм алуы үшiн  аянбау; балалардың арасын бөліп алаламау, яғни бәрiне бiрдей қарап, әдiл болу; балаларын денi сау етiп өсiру, оның тәнi мен жан саулығын қорғау; балаларын оқытып, мамандық иесi етiп қалдыру; ата-ананың өз отбасын нығайта отырып, жасы жеткен балаларын үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзiрлеу. Сонымен қатар, балалар тарапынан да тәрбие нәтижесі ретінде күтілетін қасиеттер: ата-анаға дауыс көтеріп сөйлемеу, ата-анасын атымен атамау, ата-анасының өтінішін мүлтіксіз орындау, ата-анасын ренжітпеу, қартайған ата- анасына көмектесіп тұру, ата-анасының достарын құрметтеу, ата-анасынан бұрын отырмау, олардың жолын кеспеу және т.б. болып табылады. Бұл талаптардың бәрі де отбасы тәрбиесінде ескеріледі. Өмірге келген ұрпақтың бақытты болашағын қамтамасыз ету де отбасы міндеті. Әрбір адамның өмірде өз орнын тауып бақытына жетуге қабілетін қалыптастыратын мекені отбасы. Отбасы тәрбиесінде қалыптастырылу қажет тағы бір қасиет  балаларды батырлыққа, батылдыққа,  шешімшілдікке, ержүректікке тәрбиелеу. Ержүректілік жақсы қасиет болып саналғанымен шектен тыс батылдық көзсіз батырлыққа, ал оның жетіңкіремеуі қорқақтыққа алып келеді, — деп сипаттайды. Ер азаматтың батырлық қасиеттерін қалыптастыру сол қоғамдағы Отан қорғау талаптарының отбасы тәрбиесімен байланыста қарастырылады.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан -2030 »  бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу-тәрбие үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр.  Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға  мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті,шығармашыл, барлық  істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбие үрдісіне де ақпараттық құралдар тиімді қолданылып, өз орнын тауып келеді. Осының нәтижесінде тәрбиелік іс шаралардың электронды жинақ банкісі жасақталып, толықтырылып отырады. Тәрбие жұмысының мониторингі нәтижесінде сынып жетекшісінің жұмысы, әр оқушының тұлғалық қалыптасу деңгейі анықталады. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған.  Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.

Жас  бала  не  нәрсені  болса  да  білуге  құмар,  қызыққыш,  қолымен  ұстап,  көзбен  көргенді,   жақсы   көреді.  Оқушылардың   қызығушылығын   арттыруға   жақсы  ұйымдастырылған   тәрбиеге  байланысты:

  • Жаһандану заманында әлемдегі жаңаруларға лайық жаңаша тәрбиелеу үрдісін қалыптастыру.
  • Ұлттық мәдениетті меңгерте отырып әлемдік мәдениеттілікке тәрбиелеу.
  • Ана тілін жетік меңгере отырып, өзге тілдерді меңгеру және тіл арқылы өз мәдениетінің жетістігін өзгеге таныта білуге тәрбиелеу.
  • Мемлекеттік тілге, рәміздерге құрметпен қарау және елжандылыққа тәрбиелеу.
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы демографиялық жағдайға ықпал ету және т.б.
  • Оқушылардың Отансүйгіштік, азаматтық тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен отбасының және қоғамдық ұйымдармен, мектептен тыс тәрбие мекемелерімен бірлескен іс-жоспарлары және оны іске асырудың педагогикалық ұйымдастыру.
  • Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін ескере отырып, ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргізу.
  • жасөспірімдердің компьютерде ойнайтын түрлі ойындарын да патриоттық тақырыптарға арнау, әсіресе батырлар жырынан бастап, қазіргі патриотизмді насихаттайтындай ойындарға ауыстыру.

Жас ұрпақтың бойында адамгершілік,патриотизм сезімін қалыптастыру, өз мәдениетін танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір — бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Жеткіншек ұрпаққа тәрбие беру мәселелері. Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары “Аймақтар тарихы әлемдік тарихи үрдістер контексінде”. Семей, 2006. — Б. — 86-89.
  • Педагогикалық технологияларды қолдану жолдары. Қазақстан мектебі.-2007.-№10.-Б.23-25.
  • Мектептегі педагогикалық қарым-қатынас технологиясы. Қазақ тарихы.- 2008.- № 5-6.- Б. 109-112.
  • Мектеп жасындағы балалардың құқық бұзушылығының алдын-алу жолдары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысы № 3(25);   Алматы, 2009 ж. Б.74-77.