Кәсіптік мектептерге арналған диктанттар жинағы.
Кәсіптік мектептерге арналған диктанттар жинағы.
Кіріспе………………………………………………………………… 3
Туған жердің тарихы.
Күздің құрметі…………………………………………………….. 4
Біздің отбасымыз.
Қазақша ай аттары.
Қалада. ……………………………………………………………….. 5
Жер қазғандар.
Балалық шақ.
Жолаушылар……………………………………………………….. 6
Алғашқы автопойыз.
Дауыл.
Өзгерген өңірде……………………………………………………. 7
Наурыз тойы.
Қазақтың бас ақыны…………………………………………….. 8
Кіріспе
Құрметті әріптестер, берілген жинағы орыс мектептерге арналған.
Тіл – адамның қоғамдық қатынас құралы, ол үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді. Бұл ретте оқушының грамматикалық ережелерді жалаң жаттап алып, дайын мысалдарды мүдірмей айтып беруі мүлдем жеткіліксіз болады. Оқушы неғұрлым теориялық білімді практика жүзінде толықтырып, шығармашылық ісімен бекітіп отырса ғана тілді дұрыс игереді.
Осындай шығармашылық жұмыстардың бір түрі – диктант. Диктант латынша «дикто» деген сөз. Оның мағынасы – естіртіп айту деген ұғымды береді.Диктант жұмысын жүргізу көбінесе оқушылардың теориялық білімін сынауға қолданылады. Олардың өткен материалды қаншалықта меңгергені диктант жаздыру барысында айқындалып отырады. Соның нәтижесінде мұғалім қай оқушының қандай тақырыптан қандай қате жібергенін айқындай алады және қандай шара қолданудың жолдарын да белгілейді.
Бақылау диктанттарынын сөз саны мынадайнормада белгіленеді :
9 сынып үшін – 120-170 сөз,
10 сынып үшін – 130-180 сөз,
11 сынып үшін – 150-190 сөз.
9-11 сынып оқушыларының диктантттарына бағалағанда, мұғалім мыналарды басшылыққа алады:
Диктанттағы орфографиялық және тыныс белгілікқе телер жеке есептеледі. Баға жалпы қойылады.
«5» деген баға қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге немесе тыныс белгісіне жеңіл 1 қатесі бар диктанттарға қойылады.
«4» деген баға емледен 3, тыныс белгісіне 3 қатесі бар немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 қатесі бар, немесе емледен 1, тыныс белгісінен 4 қатесі бар диктанттарға қойылады.
«3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар, немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қатесі бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар диктанттарға қойылады.
«2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі бар диктанттарға қойылады.
«1» деген баға қате саны «2» деген бағада көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.
3
Туған жердің тарихы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі 1991 жылдың 16 желтоқсан айында жарияланды. Жер көлемі – 2717,3 (екі мың жеті жүз он жеті бүтін, оннан үш) мың шаршы шақырым. Халқы 16 миллион, астанасы – Астана қаласы. Қазақстан Республикасының шекарасы 15 мың шақырымнан асады. Оның 12 мың шақырымы құрлықпен, ал 3 мың шақырымы сумен өтеді. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстігіміздегі көршеміз – Ресей Федерациясы, онтүстік шығыс және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстығы шекараларымыз -Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары. Ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
Республика аумағында 4750 түрлі өсімдік өседі.
99 сөз.
Күздің құрметі.
Күз дегеніміз – біріншіден, байлық, молшылық, қапқап астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын,
алма ,өрік, жүзім. Осының бәрі күзде әбден пісіп жетіледі. Әне, қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да бәрі де сап-сары. Соңдықтан да халық күзді «алтын күз» дейді. Екіншіден, күз – ет пен май. Мал да,аң да, құс та күзге дейін әбден семіріп болады. Үшіншіден, күз – қауырт жұмыс кезі. Қысқа дайындалатын кез. Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды. Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың. Қысқа адам да, аң да,барлық жан-жануарлар да дайындылады. Күзде жыл құстары жылы жақ қа қайтады. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын-шашын көбейеді. Міне, соңдықтан да күздің әрбір осындай ашық күнін толық пайдаланып, мол өнімде тез жиып алу керек.
118 сөз.
4
Біздің отбасымыз.
Менің атым — Әлия. Біз қалада тұрамыз. Менің атам,әжем, әкем, шешем, үш ағам және екі сіңлім, бір інім бар. Атам мен әжем құрметті демалыста. Әкем зауытта істейді. Шешем институтта сабақ береді. Ағаларым – студент. Екі сіңлім балабақшаға барады. Інім екінші сыныпта оқиды. Өзім он төртінші мектепте оқимын. Үйде біз қазақша сөйлейміз. Мен орыс мектебінде оқимын.
54 сөз.
Қазақша ай аттары.
Бір жылда он екі ай бар. Олар: қантар, ақпан,наурыз,сәур, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан,
қараша, желтоқсан.Қаңтар – жылдың алғашқы айы. Желтоқсан – жылдың соңғы айы. Қазақша жыл басы – наурыз. Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, тамыз, қазан, желтоқсан айларында отыз бір күн бар.
Сәуір, маусым, қыркүйек, қазан айларында отыз күннен болады. Ал ақпан айында жиырма сегіз не жиырма тоғыз
күн бар. Бір жылда үш жүз алпыс бес күн болады.
69 сөз.
Қалада.
Қаланың біз көрген шетінен бастап асфаль көше кездесті. Тастан салынған көп қабатты үйлері де бар екен. Қала үлкен. Қөшелері оқтай түзу.Үстірт көрудің өзінде көзіңе көрікті оралған қала паркі, фонтан, бассейн, кинотеатр, әдемі мектептер, көрікті салынған биік үйлер бар. Біз алдымен балалар үйіне келдік. Мұнда балаларға музыка үйрететін класс залы да бар екен. Жаңа үлгіде салынған мектеп үйін көрдік. Әр сыныптың ішінде аспаптар қоятын жаппалы шкафтар. Сынып сайын кранды қол жуғыш.Мектептің астыңғы қатарында механикалық шеберхана, қол еңбегі сыныптары жай- ғасқан. Биік те кең спорт залы. Оқушылар ыстық тамақ ішетін асхана, бөлек буфеті бар.
Физика, биология, химия кабинеттері, кітапхана мол жабдықталған.
101 сөз.
5
Жер қазғандар.
Ол күні жұмыс бітті. Жұрт күректерін, кетпендерін, қайлаларын алып, кейбірлеулері иықтарына салып, кейбіреулері
жай таяқша ұстап, шұбырып, самбырласып жатақтарына қайтысты . Бірінің омыраулары алақ-салақ, көбі киімдерін азай- тыңқарып, денелерін ашыңқыраған. Кейбіреулері көйлектерін де шешіп алған. Жалаң аяқтар да бар. Әр түрлі қалпақты, әр түрлі бөрікті, тымақтылар да көрінеді. Бастарына орамал тартқан, жалаң бастары да бар. Көйлегі барлар білектерін түрінген. Күн қарыған, жел қаққан, тотыққан-бет-ауыз. Аяқ-қолдары Термен, қара топырақпен қарайыңқырай түскен. Біреулер ойнап, бірін-бірі келемеж қылып келеді. Кейбіреулер үндемей,жай ғана күледі.
82 сөз.
Балалық шақ.
Менің туған жанұям-кәдімгі жанұялардың бірі. Оның басқа жанұялардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Әкем кедей шаруадан шыққан. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді.Сондықтан ол – ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Колхозымыз жақсы болып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам Зоя Мамыр мейрамы күні мені мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып,тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады.
Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келеді. 96 сөз.
Жолаушылар.
Бестемір қарт баласымен станцияға келді. Бірақ Аякөз-Баршатас арасына жүретін машина кетіп қалыпты.
Олар жолға шығып, машина күтті. Күн еңкейіп барады. Тоқтайтын машина көрінбейді. Бір сәтте сауыры күнге шағылысып қояндай ырғып келе жатқан «Волга» өте беріп тоқтай қалды.
-Жол болсын, қайда бет алған едіңіздер?-деп сұрады жүзі жылы, көздері ұялы, иықты келген азамат.
— Баршатасқа бара жатырмыз.
-Онда машинаға отырыңыздар.
-Рақмет.
Жөн сұрай келе, Бестемір қарт өзін таныстырып жатыр. Қалада үлкен қызметте болғанын, қазір пенсияға шыққанын, баласын туған еліне әкеле жатқанын баяндады.
6 83 сөз.
Алғашқы автопойыз.
Автотрестің шоферлері Арықбалықтан Көкшетау элеваторына астық тасиды. Соның бірі-Ғазиз Нұғыманов. Ол әрі шофер,әрі слесарь. Саналы өмірі ауыл механизаторларының қатарында өтті.
Аудан орталығындағы шағын асхана іші бүгін көкшетаулық шоферлерге толы. Олардың үстіне Нұғыманов келді. Ғазиздың келгеніне жолдастары риза болып қалды. Олар оны Еңбек орденімен марапатталуымен құттықтады. Ертеңінде ол қайта жолға шықты. «ЗИЛ-164» машинасын моторы жақсы, тартымы да көңілдегідей.Кешікпей Қызылту астық қабылдау пунктіне радиаторында қызыл жалау желбіреген Нұғымановтың авто-пойызы келді.Бұл – шалғайдағы астығы мол Қызылтуға келген алғашқы автопойызы.
81 сөз.
Дауыл.
Олег табиғатты өте сүйетін. Алай-түлей дауыл көтерілсе, қыстыгүні боран соқса, оған жаны құмар еді.Бір күні тымырсық болды. Бірақ күн ашық, бұлтсыз еді. Таңертең бәріміз күндегідей қызметке кетіп қалдық. Үйде Олег пен сіңлім екеуі қалған. Кешке таман күн райы бұзылды. Аспанда қара бұлт қаптап кетті. Қатты жел көтерілді. Кешікпей жел артынан дауыл соқты. Ағаштар иіліп шытырлап жатыр. Үйлердің төбесінің қамысы ұшып, аспанның бетін топырақ, шаң басты. Артынша нөсер төгіп жіберді. Жердің бетінен көлкіген су Днепрге қарай ақты. Жауын бәсеңдеген кезде үйге қайттым. Үйге келсем, ұлым жоқ. Мен аз уақыт тостым да, келмеген соң Гришаға кеттім. Олег ол үйде де жоқ болып шықты.
103 сөз.
Өзгерген өңірде.
Біз жылда бақша саламыз. Жиырма-отыз түп ағаш бауымыз да бар. Көбісі алма. Өрік, шие, алмұрттан да құр алақан емеспіз. Бүлдірген, қарақат, қарлығандар жеміс береді. Қауын, қарбыз, помидор, қияр,жуа, сәбіз, қызылша, капуста дегендерді сатып алған емеспіз. Он шақты түптен болса да күнбағыс, бұршақ, жүгері егеміз.Мөлдек-мөлдек картоп айдап тастаймыз. Бұл бір жағынан, оқып жүрген балаларға тиімді. Әрі еңбек, әрі тәжірибе. Жер-ананың жемісін аузымен жеп қана қоймай, оны өсіру қанша-
ма маңдай тері мен михнатқа түсетінін білетін болады. Адам қолынан құдіретті не бар! Осыдан бес-алты жыл бұрын бұл өңір елсіз алқап болатын. Бар өсетіні тікенекті тырбық бұта мен кісі бойы қурай болушы еді. Ал қазір ше?
106 сөз.
7
Наурыз тойы.
Бұл мейрам көктемде күн мен түн теңеліп, халық алты ай қыстың қыспағынан әзер шыққан, Жер-Ана иіп, мал жанның жадырайтын шағында өтеді. Зеңгі бабаның арқасынан күн өткен, кейбір желіктері күлтөбені мүйіздеп,көктемге қалғып-шұлғып жеткендері суға сілейіп ап, күншуақ-күншуақта ораза ұстап тұратын кезі. Жылы жақты қыстап қайтқан тырналар да көген-көген болып келе бастайды. Шулап шүрегейі, қынқылдап қазы келеді. Жерде насыбайға салатын қар қалмайды. Көде көжеленіп, қараған мен бүрген қызыл сары сырғаларын таға бастайды.Арық жағалауында тебіндеп, қаулап шыға бастаған көк мұраттарына тіс тиеді. Енесінен тамақ дәметкен сап-сары балапан құсап жауқазын бас жарады. Жан-жануар, аң мен құстың жаңа тіршілігі басталады. Мал төлдеп, құс жұмырт- қалайды, жеміс-жидек, жер мен ағаш көктейді. Былайша айтқанда, Жаңа Жылда бәрі де жаңарып, жаңғырады.
Бұл жер бетіндегі көктем әкелген бірінші жаңалық болса,екіншісі іле-шала көкек пен маусымда жер желкілдеп, көк жиденің жұпар иісі аңқиды. Бұл кезенді туысқан ұйғыр халқы күйт кезі деп атайды.
Жұрттың аузы аққа тиетін, күннің нұры шуақтана бастаған шақта келетін Наурыз мейрамы кезінде адамдар бір-біріне өте бір қайырымдылық танытып, өкпе-ренішін ұмытып, ізгі тілектер айтысып жатады. Наурыз көже ішіліп, бұдан былайғы күндер тоқшылық пен қуанышқа ұлассын деген ізгі тілекпен жұрт ойын-сауық құрады.
184 сөз.
Қазақтың бас ақыны.
Бір мың тоғыз жүз үшінші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті.Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп терең. Бұрын естімеген адам шапшаң оқып шықса, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Кей сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да, түсіне алмайды. Не мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.
Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық-Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік.Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да, Абай түбірін,тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нәрсенің сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бәрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне сын болып,емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды. Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік, артық. Ол оқшаулық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзіңде де болған. Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те,көргендердің айтуынан білеміз.