Қазақ — қонақжай халық.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ — қонақжай халық.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар «қонақжай» сөзін жан-жақты талдап, түсінік алады.
Білімділік: Түрлі тапсырмалар орындау арқылы білімдерін пысықтайды.
Дамытушылық: Жаңа әдіс – тәсілдер арқылы сабақтың мақсатына жеткізу.
Тәрбиелік: Достық қонақжайлық, бауырмалдық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд шоу, кластерлер, үлестірмелі кестелер.
Сабақтың барысы:
Сабаққа белсенділігін ояту.
Алдымен оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысуын тексеру. Одан соң оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсаты мен тақырыбымен таныстыру. Өткен тақырыптар бойынша балалардың білімін тексеру, бағалау. Оқушылар екі топта отырады.
- Модуль. Қазақ отбасында тұру еді. Оқушыларға қазақ отбасы ондағы қағидалар туралы блиц-сұрақтар қою.
I топқа сұрақтар.
- Халқымызда қандай жақсы сал-дәстүрлер болған. (Үлкенді сыйлау-ұлылық)
- Отбасы мектебінің ұстаздары кімдер? (әке-шеше)
- «Әдепті бала, арлы бала» (Әдепсіз бала сорлы бала)
- Қазақ отбасындағы басты міндет етіп нені қойған? (ер азамат болып, халқына еңбек ету.)
- Жеті ата туралы мақалдар айт (жеті атасын білмеген- жетесіз) (жеті атасын білмеген- жетімдіктің белгісі)
- Енші дегеніміз не? (бала ер жетіп, жеке үй болып бөлек шыққанда ата-анасы беретін мал-мүлік)
- Үш арсызға не жатады? (тамақ, күлкі, ұйқы)
- Қазақтың ұлттық сусындарына нелер жатады? (қымыз, қымыран, шұбат, боза, айран, сүт т.б.)
- Қазақстанның елтаңбасындағы қанатты пырақтың мүйізі неге жеті бөліктен тұрады? (жеті атасын білу)
- Қазақтың негізгі ұлттық тағамдары? (бесбармақ, бауырсақ, қуырдақ, жент, сөк)
II топқа сұрақтар.
- Әке тұрып ұл сөйлемейді, шеше тұрып қыз сөйлемейді кімдерге арналады? (отбасындағы ұл мен қызға)
- Отбасының берекесін сақтайтын кім? (әйел, ана)
- Ағайын деген кімдер? (ең жақын бауырлас адамдар)
- Жеті атаға кімдер жатады? (Өзің, әкең, атаң, үлкен атаң, бабаң, түп атаң, тек атаң)
- Жасау дегеніміз не? (қыз бала күйеуге шыққанда берілетін дүние мүлік)
- Үш байлыққа не жатады? (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
- М.Мақатаевтың үш бақытын ата? (бірінші-халқым, екінші-тілім, үшінші-Отаным)
- Жеті қазынаға нелер жатады? (жүйрік ат, құмай тазы, майланғыш ау, өткір кездік, сұлу әйел, ер жігіт, қыран бүркіт)
- Тәуелсіздік күні қай күн? (16-желтоқсан)
- Әке көрген оқ жанар (шеше көрген тон пішер)
Әр топқа осындай сұрақтардан кейін «Жеті жетім» , «Үш бақытым» өлеңдерін жатқа сұрау. Тақтадағы білімпаздық парағына бағалап отырады.
Сабаққа ендіру: Ал енді балалар тақтадағы мына суретке қарайық (Ой қозғау) қазақ халқының қонақ күтуі туралы сурет. Ал енді бұдан не түсіндіңдер, яғни бүгінгі тақырыбымыз «Қазақ-қонақжай халық». Мәтінді оқушыларға оқып беремін. Оқушылармен бірлесіп отырып мазмұнын айтамыз. Қазақта «Басшысы жоқ ел-жетім»-деп айтады. Біздің еліміздің ел басы кім? Ол екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтушы , достық көпірін жасаушы, қонақжай адам. Мына суреттерге қарайық. «Елбасының кездесулері» суреттер. Балалар осы мәтінге байланысты екі тақрып бойынша кластер қорғайық.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау. Дәптерлеріне оқулықтардың мына тапсырманы орындайды.
5-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.
- Сен қонаққа жиі барасың ба? (мереке күндері, демалыс күндері, туған күніне, жылына, аптасына бір рет, екі рет…)
- Кімге қонаққа барасың? (достарыма, ағама, әжеме, сыныптастарыма)
- Не сыйлайсың? (гүл, кітап, сағат, көйлек, орамал…)
- Отбасың қонақты жиі шақыра ма? (мереке күндері, демалыс күндері, туған күніне, жылына, аптасына бір рет, екі рет…)
- Қонақтарды кім қарсы алады? (өзім , ағам, әкем, әжем…)
- Қандай сусындар бересің ? (қымыз, шұбат, шырын)
- Қонақтарға қандай ыстық тамақ бересің? (ет, палау, мәнті, бесбармақ, бауырсақ….)
- Үй иелері қандай болу керек? (қонақжай, көңілді, ашық — жарқын)
Балалардың тапсырмаларын тексеру. Қара, жап, айт, жаз, тексер тәсілін көрсету. Сабақты қорытындылау . Оқушыларға сабақты түсіндік, түсінбеген жеріміз бар, мүлде түсінбегенін саусақтар арқылы көрсетеді.
Оқушыларға үй тапсырмасын беру: Мәтінді мазмұнын айту. Қонақ тақырыбына мақалдар тауып жазып келу.