Төрт түлік
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік
Сабақтың мақсаты:
- Төрт түлік малмен таныстырып. Білімдерін кеңейту.
- Ой-өрісін дамытып, тіл байлығын ширату.
- Малға деген құрмет сүйіспеншілігін арттырып, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі; Сұрақ жауап, ертегі; сөйлем құру; талдау, жұмбақ, мақал, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
- Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Білімдерін тексеру кезеңі:
- Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
- Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
- Неше дауысты және дауыссыз дыбыс бар?
- Қазақ тіліне тән неше әріп бар?
- Буынның неше түрі бар?
- Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
- «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегін оқып, шығу.
- Ертегі нелер туралы?
- Олар неге таласты?
- Жыл басы не болды?
- Сендер қандай үй жануарларды білесіңдер?
- Слайд «Үй жануарлары». Осы үй жануарларының ішіндегі қазақ халқы әсіресе, төрт түлік малғы ерекше мән берген.
- Слайд «Төрт түрлік». Суреттер арқылы төрт түлік малдарды атап шығу.
— Жақсы, балалар. Біз бугін төрт түрлік молдар туралы әңгімелесеміз.
- Слайд Тұйе- байлық
Қой- мырзалық
Жылқы- сәндіқ
Сиыр- ақтық
- Слайд. Әр малмен таныстырып шығу
- Слайд. Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
- Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі сөздерді аударыңдар.
- Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар.
- Жылқы, түйе сөздеріне фонетикалық талдау жасаңдар.
II деңгей
- Жылқы, түйе сөздерден сөз тіркесін құраңдар.
- Қой, сиыр сөздеріне тәуелдік жалғауларын жалғаңдар.
- Сиыр, ешкі сөздеріне сөйлем құрастырыңдар.
ІІІ деңгей
- Сөздерді дұрыс құрастырыңдар.
- Сиыр, ешкі сөздерін септеңдер.
- Суреттерді пайдалана отырып, диалог құрандар.
- Ойын кезеңі: «Үй жануарлары».
- Сабақты қорытыңдылау
- Жұмбақты шешу.
- Мақал — мәтелдер айту.
- Сөз жұмбақты шешу.
- Сабақты бекіту /сұрақтар/
- Төрт түлік малға нелер жатады?
- Олардың балаларын қалай атайды?
- Малдар балаларын қалай сүйеді?
- Төлді қалай шақырады?
- Малдың «иелері» қалай аталады?
- Малдың бізге пайдасы бар ма?
- Малға не істеуге болмайды?
- Сабақты үйге тапсыру кезеңі:
96-бет, 5-тапсырманы орындау.
VII. Оқушыларды бағалау кезеңі:
Мақал — мәтелдер
- «Мал адамның бауыр еті»
- «Малы бірдің жаны бір»
- «Малды бақсаң қойды бақ, май кетпейді шарадан»
- «Қой өрісі қорадан»
- «Қой шөлді болмай, төлді болмайды»
- «Сиыр алсаң танып ал, танымасан тарғып ал»
- «Жаман сиыр жазда бұзаулайды»
- «Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді»
- «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты»
- «Түйелі ел қырға, түйесіз ел сырға»
- «Жуас түйе жүндеуге жақсы»
Жұмбақтар
- Шыңдары щырқау,
Көшіп жүр бір тау. /түйе/
- Қолды екен әр шаруа,
Қызығына құт байлап.
Қанша құйып алса да.
Сарқылмайды сүт, қаймақ. /сиыр/
- Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар. /ешкі/