Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімнің түрленуі жөнінде алған білімдерін тереңдету, сын есімдердің түрленіп келіп сөйлем мүщесі қызметін атқаратынын меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы әсемдікке, кішіпейілділікке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, сөйлем мүшелеріне ажырата білуін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, талдау, ауызша тіл дамыту, мақал-мәтел айту, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Сын есім сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.
- Қадірлі сыбағаның бірі – омыртқа.
Сын есімнің негізгі қызметі – анықтауыш
- Сын есім + І.с. = заттық мағына анықтауыш
Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.
Өнерлінің өрісі кең.
- Сын есім + ж.ж. = баяндауыш
Сен бір артық көркемсің.
- Сын есім + етістік = пысықтауыш
Әжемнің бұлтиған кәрі қолы өте жұмсақ тиеді.
- Сын есім септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді.
Егер көптеліп, септеліп, тәуелденсе, онда зат есімнің орнына жүреді. Оны сын есімнің заттануы деп атайды.
Қас жақсының белгісі –
Жаман сөзді жаттамас.
Заттанған сын есім А.с-де тұрып, бастауыш болады.
Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,
Жақсы да, арасында жаман да бар.
- Сын есім + Б;Т;Ж;Ш;К = толықтауыш
Жаманға жан жуымас.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
77-жаттығу Сын есімдерді талдау
Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш. Ақ үйдің төрінде қабат-қабат көрпе төсеп, жан-жағына үлкен ақ жастықтар қойып Аймен отыр.
79-жаттығу
Мақалдардағы сын есімдерді тауып, септігін ажырату. Сөйлем мүшесіне талдау.
Сыпай сырын сақтар,
Әдепті арын сақтар.
Жаманның тілі ащы,
Көк мияның гүлі ащы.
80-жаттығу
Түбірін дефис (-) арқылы бөліп, сөз табына ажырату
От-ты, ғылым-и, ауыс-па-лы, жылжы-ма-лы, боз-ғылтым.
81-жаттығу Өзіндік жұмыс
- Берілген сөздерді қатыстырып, шағын мәтін құрау
- Сын есімдерді мағынасына, жасалуына, шырай түріне қарай талдау.
Кенет алдымнан қалың қара сақалды кісі шыға келді.
84-жаттығу Ауызша тіл дамыту
- Мәнерлеп оқу
- Мазмұндау
- Сын есімдерді тауып, қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтау
83-жаттығу
- Оқу
- Талдау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: Диктантқа дайындық