Қазақтың ұлттық өнері
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, жазу сауаттылықтарын тексеру
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұлттық өнерді құрметтеуге, ұлтжандылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың жазу сауаттылықтарын дамыту, естігендерін сауатты жаза білу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету
Сабақтың типі: Білім сынау сабағы
Сабақтың түрі: Диктант
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Қазақтың ұлттық өнері
Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық заттар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін, ат арытып іздеп келетін болған. Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған. Қазба жұмыстары кезінде қазақ даласынан табылған әшекейлі сәндік бұйымдардың ішінде, тіпті тас дәуірінің соңғы кезіне жататын мүліктер бар екені анықталды. Мұның өзі ою-өрнек өнерінің тамыры тереңде жатқанын дәлелдейді. Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – төсек ағаш, кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан астау, шара табақ, тостаған, тегене, саптыаяқ, ожау, т.б. ыдыстар дайындаған. Мұндай әшекейлер киіз үйдің сүйегіне де түсірілген.
Шеберлер дәстүрі бүгінде жалғасын тауып, күнделікті тұрмыста кең қолданылып жүр.
ІҮ. Грамматикалық тапсырма
- Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
1-топ: Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған.
2-топ: Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін, ат арытып іздеп келетін болған
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Өткенді қайталау