Сын есімнің емлесі
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің емлесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сын есімнің түрленуі жайлы алған білімдерін тереңдету, сын есмінің емлесі жайлы білім қалыпатастыру
Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арықылы оқушыларды тиянақтылыққа, әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, жазу сауаттылығын дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, ойын, шығармашылық жұмыс, морфологиялық талдау, ауызша тіл дамыту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІІІ. Жаңа сабақ
Сын есімдердің емлесі
- Қосарлану арқылы жасалған сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады:
жақсы-жаман, үлкен-кіші, ұзынды-қысқалы, балалы-шағалы
- Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арықылы (-) жазылады:
Жап-жасыл, сап-сары, т.б.
- Тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) бөлек жазылады: қызыл сары, ақшыл көк, қара торы, ұзын бойлы, т.б.
- Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күшейтпелі шырайлар бөлек жазылады:
өте әдемі, нағыз жігіт, тым ұзын, т.б.
ІҮ . Жаңа сабақты бекіту
70-жаттығу Сөз тіркесін құрау
Ең тамаша жан, тым әлсіз жәндік, тіпті қысқа жіп, сап-сары алма, қап-қатты құрт, орасан зор корабль, ап-аласа өсімдік, әп-ідемі қыз, кіп-кішкентай бала
73-жаттығу Шығармашылық жұмыс
Тірек сөздерді пайдаланып, «Өте зейінді оқушы» деген тақырыпқа шығарма жазу
Ойын «Сөз» ойыны
Үш бала шығады.
1-оқушы -сын есім
2-оқушы – салыстырмалы шырау
3-оқушы – күшейтпелі шырай
74-жаттығу
Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау, сын есімдерді тауып, түріне ажырату
Абай жайлаудағы ең әнші, өнерлі жастарды жиып отыр.
75-жаттығу
- Мәтінді оқу
Аққозының суретін ауызша талдау
Күрделі сын есімдерді атау
Ү. Қорытынды
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма:
- Оқу
- 76-жаттығу