Оқу процесін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

 

Оқу процесін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен болады бақытты өмір» — деп сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай мектептің басты міндеті – бастапқы білім берумен қатар жан-жақты жарасымда жүйелі интеллектуалды рухани тәрбие беру және оларды денсаулығы мықты етіп өсіру. Қазіргі таңда дене тәрбиесі пәнін оқыту өзіндік жүйесімен ерекшеленеді. Соған байланысты дене шынықтыру сабақтарын оқушыларға игерту мақсатында ең бірінші ерекшелік – ол сабақ беруде оқытудың басты ұйымдастыру формасы болып табылады.

Оқушы таңертең жаттығу жасаса, күні бойы сергек жүреді. Сондықтан да әрбір адамның өз қуат-күшіне орай жаттығу жасау    өмір жасының ұзақ болуына, еңбекке алғырлық танытып, көңілді жүруіне жол ашады. Соған орай ең әуелі оқушының дене тәрбиесіне ерекше маңыз аударғаны орынды. Оның ең оңай  түрі – дене шынықтыру гинастикалары. Ол негізінен түрлі жаттығулардың басын құрайды. Гимнастика жасөспірімнің бұлшық еттерінің бірқалыпты жетілуіне, салмағын реттеп отыруына, денесінің сергек болуына көмектеседі. Міне, осындай қарапайым жаттығулардың түрі – жүгіру. Бұл да баланың дамуына, бойының ширақ, аяқ бұлшық еттерінің қатая түсуіне зор әсер етеді.

— Оқытудың әдістері мен құралдарын уақытқа бөлу.

  1. Мұғалімнің негзгі міндеттері. Оқушылардың білімін дұрыс бағалай білу.
  2. Оқушылардың дене тәрбие сабағында және спорттық ойындарда санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауға, жарақаттың болмауына аса көңіл аударады.

Басқасын айтпағанда балалардың сабаққа қатысуының өзі мұғалімнің беделіне байланысты. Оқушылар әдетте, әсіресе жоғары сынып балалары сабақта көбірік өз бетінше, еркін ойнағанды жақсы көреді. Сондықтан да оларға еркіндік беріп, керек уақытта ғана ақыл кеңес айтуға болады.

Өзімнің іс-тәжірибем бойынша «Комплексті сабақ» өткізудің тиімділігінің негізгі тәсілдерінің бірі сабақ үстінде, әсіресе гимнастика бөлімінде жаңа тапсырмалар өткенде оқушыларды мүмкіндік болғанша көбірек топқа бөлемін.

Сабақ үстінде спорттық дайындығы жақсы оқушы басқа оқушылармен жұмыс жасап, пән мұғаліміне көмегін тигізеді. Сабақты «комплексті түрде өткізудің тиімділігі, негізінен оны өткізудегі әдістемелік тәсілдерге байланысты». Әр жаттығуды орындағанда, оның адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар екендігін оқушылар біліп отырса, олардың жаттығудағы белсенділігі артады.

Спорттық жабдықтардың  жетіспегендіктерінен дене шынықтыру сабақтарында оқыту процесін оңтайландыру үшін типтік спортзалдар, гимнастикалық снарядтарымен жабдықталуы тиіс. Спортзалдар жабдықтарының тізімінде поролон төсеніштер (матылар) болуы, гимнастикалық таяқтар және орындықтар, волейбол және баскетбол доптары, аудио-бейне аппаратуралар, дидактикалық материалдар болуы тиіс.

  • дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтуға және дене күші қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы
  • балаларға қосымша білім беру мекемелері – балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғасын дамытудың, денсаулығын нығайтудың және кәсібін өзі белгілеудің, шығармашылық еңбегінің, олардың жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеудің, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастырудың қажетті жағдайларын қамтамасыз етуге арналған мектептен тыс мекеме;

 

 

 

 

 

 

Керекті жабдықтарСаны Керекті жабдықтарСаны
1Козел гимнастический113Свистки5
2Конь  гимнастический114Ворота для игры в ручной мяч1 пара
3Стенки  гимнастические10 пролетов15Насосы для надувных мячей3
4Канаты для лазания616Рулетки3
5Маты  гимнастические1117Секундомеры3
6Мостик  гимнастический218Стол для настольного тенниса1
7Обручи  гимнастические4019Теннис настольный2 комплекта
8Скакалки  гимнастические4020Мячи для метания  150 гр20
9Мячи волейболные2121Мячи малые резиновые40
10Мячи для игры в ручной мяч1022Диафильмы: бег, прыжки, метание, строевые и общеразвивающие у пражнения, опорные прыжки и лазания, висы и упор
11Скамейки  гимнастические7
12Мячи футболные823Коньки30

 

Керекті жабдықтарСаны Керекті жабдықтарСаны
1Ракетки для настольного тенниса1012Ворота для хоккей с мячом1 пара
2Шарики для настольного тенниса50013Сетка для хоккей с мячом1 пара
3Стол для настольного тенниса214Мячи для хоккей с мячом20
4Настольный теннис4 комплекта15Форма для хоккей с мячом2 комплекта
5Ракетки бадминтона1016Мячи футбольные5
6Сетки для бадминтона217Обувь футбольная30 пар
7Воланы30018Форма футбольная2 комплекта
8Шахматы5 комплектов19Тренажеры ОФП1 комплект
9Шашки5 комплектов20Штанги отягченные2 комплект
10Коньки для хоккей с мячом5021Тоғызқұмалақ5 комплект
11Коньки для хоккей с мячом25

 

Оқу процесін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

1.Жер учаскесінің ауданы есту қабілеті бұзылған балалар үшін бір орынға 50 шаршы метр (бұдан әрі – м2), көру қабілеті және ақыл-есі бұзылған балалар үшін 60 м2, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін 65 м2 есебімен қабылданады.

  1. Жалпы білім беретін және интернат ұйымдарының, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған білім беру ұйымдарының, КББО, ТКБ, ЖОО-ның дене шынықтыру-спорттық аймағында жабдықтары және спорттық снарядтары, жүгіру жолы, секіруге арналған шұңқырлары бар қозғалыс ойындарына (футбол алаңы, баскетбол және (немесе) волейбол алаңдары) арналған алаң көзделеді.

3.Ашық ауадағы дене шынықтыру және спорт алаңдары таза ұсталуы және тегіс болуы, зақымдалуға және жарақаттануға себеп болуы мүмкін бөгде заттардан бос болуы тиіс.

  1. Секіруге арналған шұңқырларды үгінділер қосылған таза (тас, бұтақтар, жапырақтары жоқ) құммен толтырады, секіру алдында ішін қопсытады және тегістейді. Шұңқырлардың ағаш ернеулері жердің бетімен бір деңгейде орналастырылады. Мектептен тыс спорт ұйымдарындағы шұңқырлардың ернеулерін брезентпен немесе резеңкемен қаптайды. Жүгіру жолдарының беткі қабатын қатты, жақсы құрғатылған, нығыз, шаңданбайтын, атмосфералық жауын-шашынға төзімді жабыннан жасайды.
  2. Ойын алаңдарындағы жабдық балалардың бойына және жасына сай орналастырылуы, сенімді және берік етіп бекітілуі тиіс. Жабдықтың бетінде шығыңқы немесе кедір-бұдырлы жерлер, көрінетін бұрандалар болмауы тиіс, су өткізбейтін жабыны болуы және жақсы тазартылуы тиіс.
  3. Спорт залының ауданы бір спортпен айналысушыға кемінде 4 м2 болуы тиіс. Еден ағаштан болуы немесе арнайы жабыны болуы, еденнің беті тегіс, ойықсыз және зиянсыз болуы тиіс. Зал қабырғаларының шығыңқы жерлері, ернеуі болмауы тиіс. Батареялар терезе асындағы қуыстарда орналастырылады және торлармен жабылады немесе еденнен 2,4 м биіктікте орнатылады. Терезелерде және жарықтандыру құралдарында қоршау құрылғылар көзделуі тиіс.
  4. Спорттық төсеніштерді, жаттығуға арналған қаптарды жазықтық бойынша бірдей толтырады, тазалауға және дезинфекциялауға ыңғайлы материалдардан жасайды. Былғары төсеніштерден басқа төсеніштерде матадан тігілген алмалы-салмалы тысы болуы тиіс.
  5. Спорт залдарының жанындағы киім ауыстыратын орындар киімге арналған шкафтармен немесе ілгіштермен жабдықталады.

1) спорт залының киім шешетін орнында +19 – 23°C;

2) ваннасы бар бассейн үй-жайларында +30°C;

  • себезгі бөлмелерінде +25°C;
  • дәрігерлер кабинеттерінде +21 – 23°C.
  1. Ойын алаңдарындағы жабдықтар және шағын сәулет мүсіндері балаларды серуендету немесе ойнату алдында күнсайын шаңнан немесе ластан тазартылады, құмсалғыштағы құмдар жұмсартылады, аптасына бір рет қопсытылады, 7 – 10 күнде бір рет қайнатылған ыстық сумен өңделеді, жұмыстан тыс уақытта ластанудан қорғау үшін жабылады. Жылына кемінде бір рет және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша құмды жаңа құммен ауыстырады.
  2. киім ілінетін орындар, вестюбюльдер – әр ауысымның сабағы басталу алдында жинау;
  3. спорт залдарында – желдете отырып, күніне 2 рет тазарту;