Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы.

Жантазина Н.С. №61 ЖББОМ,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі                                                                                              

Мемлекеттік тілді үйретудегі сыныптан тыс жұмыстардың ықпалы.

Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде екенін баса айтып, өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу — отаншылық рухты оятуға қызмет етеді, әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз» деп атап айтты. Осы орайда тіл барлық істің діңгегі және мемлекеттік идеологияның негізгі іргетасы болатыны сөзсіз.

«Туған ел-тұғырың, туған тіл-қадірің» деген қазақтың дана сөздері тегін айтылмаса керек, тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болып, басқа ел алдында беделімізді биік ұстағымыз келсе, тіл қадірін біле-білген жөн. Сондықтан, әсіресе, оқу –тәрбие ісі орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі мұғалімдеріне жүктелетін жауапкершілік аз емес.Сабақ пен сыныптан тыс жұмыс бір-бірінен алшақ жатқан, өзара байланыссыз шара  емес , бірліктегі біртұтастық болғандықтан пәнге деген қызығушылықты арттыруды пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарда үнемі жүргізіп отыруға болады. Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушының сөйлеу қабілеті, ұшқыр ойды жүйелі түрде жеткізе білу шеберлігі қырлана түседі.Сонымен қатар, сыныптан тыс өтікізілген іс-шаралар оқу-тәрбие жұмысымен өмірімен байланысты арттыруға, оқушылардың сыныпта алған білімін одан әрі тереңдетуге, ең маңыздысы, олардың сегіз қырлы, бір сырлы, білімді де, парасатты, адамгершілігі жоғары азаматтар болып өсуіне жағдай жасайды, ықпал етеді. Сыныптан тыс осындай сан-саналы жұмыстарды тартымды да, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған мұғалім, тек жақсы оқитын оқушыларды ғана емес, үлгерімі төмен, тәртібі нашар оқушылардың да талабын оятпақ. Өйткені онда ұстаз бен оқушы арасында шекара болмайды.Мұғалім оқушымен бірге ойлайды, бірге тыныcтайды, әр істі бірге шешеді.

Бүгінгі таңда тілге деген құрмет те талапта ұшан теңіз. Осы орайда оқушыларға қазақ тілін түбегейлі  жан-жақты меңгерту тіліміздің беделін қажеттілігін арттыру мақсатында 9 сынып  оқушылары арасында тіл мерекесіне орай «Тіл- халықтың жаны» атты ашық іс –шара өткізілді. Бұл іс –шараның мақсаты басқа ұлт өкілдеріне қазақ  тілінің қадір-қасиетін біліп, қазақ  тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Тіл тәуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

8 сыныптар да арасында көптеген сайыстар өткізілді. Атап айтсақ қазақ тілі фестивалінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты  сайыс өткізілді.

Бұл іс-шара бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін  мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру мақсатын  көздеді. Бұл сайысқа мұғалімдер мен оқушылар қызыға белсенділік танытты. Кеудесінде патриоттық сезімі бар, намысы оянған жас жеткіншектерді іс-шараға тарту қиындыққа түскен жоқ. Бұл іс-шарада  Н.Ә. Назарбаев туралы кең мағлұмат бере отыра, Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесінің зор екендігі айтылды.Әр топ Елбасына арналған интербелсенді тақтадан «Елбасы-кемеңгер көшбасшы» атты слайд, презентациялар көрсетті. Сонымен қатар оқушылар Елбасына тілектерін айтты, өз қолдарымен әзірлеген  сыйлықтарын табыс етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан ұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сайысымызды  аяқтадық.  Біз өз шәкірттеріміздің әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілегімізді білдірумен сайыс нәтижесінде оқушылармен жүргізілген жұмыстарымыз өз мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз.

Сыныптан  тыс жұмыс мейілінше әр түрлі формаларда, мазмұнына қарай бай болып келеді. Балалар сабақтан тыс уақытта  түрлі сйыстарда кездесіп, олар өзара бірлескен сыныптан тыс қызмет үстінде кей ретте мұғалімнің ұжымдағы балалардың өз жодастары жөніндегі пікірлерін өзгертуге , балалар қарым-қатынасын қажетті бағытқа қайта құруына мүмкіндік туады. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой — өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.

Адам өзіндік ерекшелігімен өмірге келеді. Жеке тұлғаны тәрбиелеу-ұлы міндет, үлкен жауапкершілік.Сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар арқылы  шығармашылықпен жұмыс істей алатын, мемлекеттік тілді меңгерген , өз ойын еркін жеткізе алатын оқушыдан еліміздің елдігін көтерер, келешекте оған сая болар тұлғаның қалыптасатыны анық Бұл қазіргі таңда ұстазды жеке басына да жүктеліп отырған міндет.«Бала — тар ойлы ақымақ болса кінәлі емес, тәрбиеші жазалы», — деп М.Жұмабаев айтқандай, бәсекеге қабілетті, ойы жүйрік, ақылы жетік, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңалыққа құштар, замана талабына сәйкес іздене алатын педегог ғана тәрбиелей алады дегіміз келеді.