Хаттама

Хаттама

 

Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда  мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.

Қысқа хаттамаларда  ( оның мәтінінде ) күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні, сөйлеген сөздерінің тақырыбы және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Сөйлеген сөздердің толық мәтіні келтірілмейді.

Толық хаттамаларда  сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі.

Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың  атауы; мәжілістің өткен күні; индексі (нөмірі); мәжіліс өткен орын; бекіту грифі (егер қажет болса); тақырыбы (жиналыстың, алқалық органның атауы ); мәтін.

Мәтіннің кіріспе бөлігінде қатысушылардың құрамы, күн тәртібі; негізгі бөлігінде тыңдалған мәселе, сөйленген сөздер және қабылданған қаулы көрсетіледі. Құжаттың соңында төраға мен хатшының қолы қойылады.

 

Құрылымы:

  • құжат түрінің аты;
  • мекеме аты;
  • мерзімі, индексі;
  • мәжіліс өткізілген жер;
  • хатталынатын кеңес аты;
  • төрағаның, хатшының, қатысушыларды көрсету;
  • күн тәртібі;
  • тыңдалды, сөйледі, қаулы қабылданды, формасындағы мәтін;
  • төраға / төрайым/ мен хатшының қолы.

 

 

 

«№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

 

ХАТТАМА №2

 

07.11.06.. №_1

_Семей  қаласы

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырысы

 

Төрайым: Мұхаметжанова А. К.

Хатшы: Садуақасова Б.Н.

 

Қатысқандар   ___10   мұғалім

Қатыспағандары: 1 мұғалім

Күн тәртiбiнде:

  1. Дөңгелек үстел: «12 жылдық білім бергеу көшу жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын оқытудың әдістемелік мазмұны. Коммуникативтік компетенттілік – жеке тұлғаны дамытудың бір аспектісі».
  2.  Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстарын талдау.
  3.  Бірлестік мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарын талқылап, қалалық әдістемелік жобалар сайысына жіберілетін жұмыстарды жоспарлау.
  4. ҰБТ-ге дайындықты жоспарлау.

 

Тыңдалды:

  1. Ә/Б жетекшісі Мұхаметжанова А.К. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасының мақсаттары мен міндеттеріне тоқтала келіп, негізгі мақсаттарының бірі – коммуникативтік компетенттілік туралы айтып кетті.

Жарыссөзде сөйледі:

Нұрғалиева А. С.  – сөйлеген сөзінің мазмұны (тіркелген ).

Саржанова Ж. Г. —  сөйлеген сөзінің мазмұны (тіркелген).

  1. Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстары талқыланып, білім сапасын төмеңгі деңгейде көрсеткен мұғалімдер есеп беріп, қабілеті төмен оқушылармен жұмыс жоспарын ұсынды.
  2. Бірлестік мұғалімдері Д.Н. Сәрсенова мен К.С. Асылаеваның жұмыстарының мұғалімдерге тиімділігі мен қажеттілігі аталып,   қалалық әдістемелік жобалар сайысына жіберілді.
  3. Сәрсенова Д.Н. 11-сыныпта ҰБТ-ге даярлық жұмысының түрлеріне тоқтала келіп, дайындық күндерін сабақ кестесіне кіргізуді сұрады.

 

Қаулы қабылдады:

Әдістемелік бірлестік мұғалімдеріне 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында өз білімдерін жетілдіру тапсырылсын.

Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша  білім сапасын төмеңгі деңгейде көрсеткен мұғалімдерге  қабілеті төмен оқушылармен жұмыс түрлерін сапалы түрде жандандыру жүктелсін.

11-сыныпта ҰБТ-ге даярлық жұмысының сапалы жүргізілуіне көңіл бөлінсін.

Д.Н. Сәрсенова мен  К.С. Асылаеваға  ғылыми жұмыстарын 20 желтоқсанға дейін  жинақтап, бастырып өткізу жүктелсін.   

Төрайым:                          қолы                                                             Мұхаметжанова А. К.

Хатшы:                             қолы                                                                   Садуақасова Б.Н.

 

 

 

1- тапсырма. Хаттаманың трафареттік формасын құр.