Бұйрықтан кӨшірме
Бұйрықтан кӨшірме
Бұйрықтан көшірме— құжаттың түпнұсқасының бір бөлімінің дәлме –дәл көшірілуі.
Құрылымы:
- мекеменің аты;
- құжаттың аты; айы, күні, нөмірі;
- құрастырылған жері;
- мәтін тақырыбы;
- қолы;
- расталған туралы белгі.
« №126 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Бұйрықтан кӨшірме
Бұйрықтан көшірме
01.09.07. №1
Семей қаласы.
Оқушылардың білім сапасын көтеру туралы.
Оқушылардың білім сапасын көтеру және оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру мақсатында
бұйырамын:
- Жыл бойы әрбір пән бойынша мектеп ішінде олимпиадалар мен байқаулар өткізілсін.
Мектеп директоры: С.Т. Құсайынов
Дұрыс: хатшы қолы Т.Қ.Ержанова
07.09.07ж
1-3/92- іске С.Д. Сейітова
1- тапсырма. Берілген бұйрықтың көшірмесін жаз.
« Сәулетай» ЖШС
№46 БҰЙРЫҚ 14.05.08ж
Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы
Өндірістік қажеттілікке байланысты
БҰЙЫРАМЫН:
- Тіркеу бөлімінде есепші қызметі қысқартылсын.
- Өндіріс бөліміне штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде экономист енгізілсін.
- Бұйрықтың орындалуын қадағалау директордың орынбасары Ә.Әлиевке жүктелсін.
« Сәулетай» ЖШС-ның директоры Қ. Қалиева