Хаттамадан көшірме

Хаттамадан кӨшірме

 

Хаттамадан көшірме – алқалық ұйымның жұмыс барысында қабылданған шешімдерінің қажеттілік болған жағдайда дәлме – дәл көшірілетін құжат.

Құрылымы:

  • мекеменің аты;
  • құжат түрінің аты;
  • айы, күні, индексі;
  • құрастырылған жері;
  • мәтін тақырыбы;
  • мәтін/ күн тәртібі, тыңдалды, қаулы қабылданды/
  • қолдары,
  • көшірмені растау туралы белгі.

 

 

 

 

Хаттамадан кӨшірме

Хаттамадан көшірме

05.02.07ж  № 12

Семей қаласы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы.

Төрайымы:  Ә/Б жетекшісі С.Т. Дүйсенова

Хатшы:  А.Д. Закирова

Қатысқандар:  10 мұғалім / тізімі келтірілді/

Күн тәртібі:

  1. І жартыжылдықтың қорытындысы және үлгермеуші оқушылармен атқарылатын шаралар.
  2. І жартыжылдықтағы оқу жүктеменің орындалуы.

Тыңдалды:

Оқу ісінің меңгерушісі Т.А. Бейсенова — негізгі пәндер бойынша оқушылардың үлгерімі жақсы. Оны бақылау жұмыстарының қорытындыларынан көруге болады. Бақылау жұмыстарында  теориялық материалдар толық қамтылып, тестік бақылаулар бірнеше вариантпен өткізілді. Бұл жағдайлар оқушылар білімінің объективті көрсеткішін дәл анықтады.

Үлгермегендер қатарында 5 оқушы ілікті. .Осы оқушыларымен мұғалімдерге жұмыс жүргізу  тапсырылды.

Жарыссөзде сөйледі:

Қалиев А.О.- сөйлеген сөзінің мазмұны / түсінктемесі/

Сағатов М.Л.- сөйлеген сөзінің мазмұны / түсінктемесі/

Қаулы қабылданды:

  • Негізгі пәндер бойынша үлгермеген оқушылармен жұмыстар жүргізілсін.
  • Үлгерімі жақсы, үздік оқушылармен жеке жұмыстар жүргізсін.

 

Төрайымы:                                                      Ә/Б жетекшісі С.Т. Дүйсенов

Хатшы:                                                             А.Д. Закирова

Дұрыс:                          қолы                           А.Л. Маратова