«Ұлттық мәдениеттану негіздері»курсы бағдарламасы

                     «Ұлттық мәдениеттану негіздері»курсы бағдарламасы  

                                            /34 сағат/

 

Мақсаты:   Халқымыздың мыңдаған жылдар тарихымен өріліп келе жатқан сан ғасырлар бойы елеп-екшеуден өткен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың өнегесін кейінгі жас ұрпаққа табыстау, бойына сіңіру, белгісіз бейопа әдеттердің жайылуына тосқауыл қою – бүгінгі мектептің, әрбір ұстаздың міндетіне айналуы тиіс. Ертеден желісі үзілмей келе жатқан көне салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды,ертегі,аңыз әңгімелерді, шешендік сөздердің үлгілерін, мақал-мәтелдерді,мәдени және адамгершілік, адамгершілік, имандылық дүниеміздегі қымбат қазыналарымызды барынша жарқырата ашып, тұнығынан сусындату қажет. Осы курс бағдарламасы оқушыларды ұлттық мәдениетті танып-білуге тәрбиелеуге,этнографиялық-тарихи дүниетанымын арттыруға ықпал жасауға негізделген.

 

 

қ/сТақырыптарсағатыкүніҚосымша әдебиеттер,көрнекіліктер
1.

 

 

 

 

2.

 

3.

 

4.

 

5.

 

6.

 

7.

 

8.

 

 

9.

 

10

 

 

11

 

12

 

 

13

 

14

 

15

 

16

 

 

17

 

 

 

18

 

19

 

20

 

 

21

 

 

22

 

 

23

 

 

Ұлттық мәдениеттану курсына кіріспе.Мәдениет терминінің экономикамен,фольклормен байланысы

 

Адамгершілік,имандылық туралы алғашқы ұғым-түсінік

Бесік жыры,ана әлдиі.Оның этикалық,эстетикалық мазмұны

Тұсаукесер,тоқымқағар,тілашар ұғымдарының тарихы

«Тілге құрмет-елге құрмет»ана тілінің маңыздылығы

Бізді қоршаған орта-біздің жасыл достарымыз

Жыл он екі ай аттары.Жыл қайыру деген не?

Жақсы әдет жасыңнан: тазалық,ұқыптылық,меймандостық

Қазақтың ою-өрнектері және жасалу жолдары

Қазақтың зергерлік өнері.Жергілікті зергерлер туралы

Киіз үй – ата мұрамыз

 

Қазақтың музыка аспаптарының түрлері және пайда болу тарихынан түсінік

Халық музыкасы.Сал-серілер,әншілер өмірінен

Қазақтың би өнері

 

Терме,айтыс,күй сайысы

 

Ұлттық ата кәсіптер: бақташылық,диқаншылық,аңшылық т.б

Ұлттық мейрамдар,той рәсімдері,ұлттық спорт ойындары

 

Ұлттық тағамдар: сипаты,мәзірлері т.б

Бабаларым – батыр, әрі көсем, әрі шешен

Қазақ жері- тарихи жәдігерлер мұражайы

 

Ән — өмірдің ажары: қазіргі ән өнерінің дамуы,әншілік дәстүр

 

Қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі

 

«Қазыналы Қазақстан болашағы»Республиканың көрікті жерлеріне сырттай саяхат

1

 

 

 

 

1

 

1

 

1

 

1

 

1

 

1

 

2

 

 

2

 

2

 

 

2

 

1

 

 

1

 

1

 

1

 

1

 

 

2

 

 

 

2

 

2

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

2

 

 

Елтаңба,Ту,Әнұран,Ата Заң

 

 

 

 

 

М.Рүстемов «Халық мұрасы»

 

 

 

Экологиялық буклеттер

 

А.Сейдімбеков «Қазақ әлемі»

 

 

 

«Қазақ ою-өрнектерінің жасалу жолдары»

Ә.Спан»Қарашаңырақ»

 

 

«Маңғыстау «энциклопедиясы

 

 

К.Ыбыраев «Сиқырлы үшбұрыш»

 

А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары»

Ш.Жиенқұлова»Өмірім-өнерім»

 

 

 

Е.Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары»,»Ақ сандық,көк сандық»

С.Мұқанов «Халық мұрасы»

 

 

 

«Парасат»,»Таңшолпан»,»Үркер» журналдары

Қазақ энциклопедиясы,Баспасөз материалдары

«Әнжинақ»,»Жұлдыздар отбасы»журналдары

 

А.Сейдімбеков «Қазақ әлемі»

 

Қазақстан картасы,түрлі-түсті слайдтар

 

Төлеуова Анар Қаражігітқызы

Маңғыстау облысы

Түпқараған ауданы

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі