«Абайтану» курсы

 

 

Түсінік хат

 

Мәдениеті жетіліп, ғылымы өрістеген қай халықты алсақ та, архив деректерін көзінің қарашығындай сақтап, тарихи шындықтар көзін аршып отыратын игі дәстүр бар. Осы санатқа қазақ халқы да иек артты.

Абай Құнанбаевтың шығармашылық жолын тану процесі қазіргі қазақ әдебиетінің ілгері де өнімді саласына айналғаны хақ. Оған себеп поэзия пайғамбарының ұланғайыр әдеби мұрасы ұлтымыздың рухани әлеміндегі қайталанбас ғажайып құбылыс болуында жатыр.

А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы турасында қалам тербеп, ой толғаған қалам иелерінің саны молығу үстінде. Абай мұрасы жыл сайын әр қырынан зерттеліп, абайтану тарихының беттеріне тізіліп жатыр. Әйтсе де ұлы ақын мұрасын ғылыми негізде танып бағалау жұмысы көбінесе мерейтойлар тұстарында қарқындай өрістесе де, қалған уақыттарда үзіліп қап жататыны – бүкпесіз шындық. Бұған қарап, «Қазақтың бас ақынының» есімі мен еңбегі ел жадында көмескіленді дей алмаймыз. Мұхтар Әуезов негізін салып кеткен қазақ әдебиетінің іргелі саласы абайтану барында ұлы ғұлама қазынасы ұрпақтан-ұрпаққа жете бермек.                         Осы бастаманы біз де мектеп оқушыларына «Абайтану» курсын оқыту арқылы жалғастыруды жөн деп тауып, арнайы басты тақырыптарды қамтып, бағдарламасын жасадық. «Абайтану» курсының мақсаты – ақынның өсиет-өнегеге, ақыл-білімге, пайым-парасатқа тұнған баға жетпес байлығы арқылы саналы, өрелі ұл-қызды, өмірі мен өлеңдері туралы жетік білетін абайтанушыларды, Абай мұрасының білгірлерін қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

Міндеттері:

  • Абайдың өмірі мен шығармашылығын терең меңгерту;
  • Абайтанушы ғалымдар, Абай мұрасын тірнектеп зерттеушілер еңбегімен таныстыру,
  • Ақын өлең өрнегінің өзгешелігін ұғындыру;
  • Сан қырлы талант табиғатын ашу;

 

 

Күтілетін нәтиже: сан қырлы ғажайып ақынның, ой данасының мұраларын оқып-үйренген, саналы ой түйе білген, өлеңді мәнерлеп оқи алатын және көркем шығармадан ләззат ала білетін шығармашыл тұлғалардың шығуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-класс «Абайтану» арнаулы курсы

Аптасына 1 сағат, барлығы – 34

 

                   Сабақтың тақырыбы   

 

Сағат саны
1Кіріспе. Абайтану курсы. Мақсат-міндеті.

 

1
 

Абайдың тұқым-тұяғы және білім алуы

 

2«Арғы атасы – қажы еді»1
3«Атадан алтау, анадан төртеу»1
4Абайдың өмір белестері1
5Абайдың он баласы1
6Абай сусындаған үш бұлақ1
7Абай білім алған ордалар1
8Алғашқы бақылау. Тест
 

Абайтанушылар

 

9Тәкен Әлімқұлов – абайтанушы ғалым1
10М.Әуезов – Абай мұрасының бірегей білгірі1
11М.Әуезов – Абай шығармаларының текстологі1
 

Абайдың ақындығы

 

12Абай – сыршыл ақын. Абай өлеңдеріндегі азаматтық лирика

 

1
13Абайдың табиғат лирикасы1
14Абайдың махаббат лирикасы1
15Абайдың философиялық лирикасы1
16Аралық бақылау.Тест1
 

Абайдың ғақлиясы

17Абай қарасөздерінің текстологиясы мен зерттелуі1
18Абай қарасөздерінің тақырыбы1
19Оқу, өнер-білім туралы сөздер1
20Тәлім-тәрбие туралы сөздер1
21Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық жайы1
 

Абай және музыка

22Абай – сазгер1
23Абай – күйші1
 

Абай – аудармашы

 

24Абай және Пушкин1
25Абай және Лермонтов, Гете1
26Абай және Лермонтов, Байрон1
27Абай және Крылов1
 

Абайдың ақын шәкірттері

28Ақын шәкірттері – Көкбай,  Әріп, Әсет, Мұқа ақын1
29Абайдың ақындық мектебінен тәлім алғандар – Шәкәрім Мағауия1
 

Абай және қазақ поэзиясы

 

30Абайдың қазақ поэзиясына қосқан үлесі1
31Абай өлеңдерінің құрылысы1
32Абай өлеңдерінің көркемдігі1
33«Абай – қазақтың бас ақыны» Абайдың ақындығы жайлы мақалалар1
34Жылдық бақылау. Тест1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Мырзахметұлы М. Әуезов және Абай. – Алматы: «Қазақстан», 1996.-272
  2.  Т.Әлімқұлов. Жұмбақ жан.-Алматы «Жазушы» 1993
  3. М.Әуезов Абайды білмек парыз ойлы жасқа –Алматы: «Санат» 1997 416 бет
  4. Т.К.Жұртбай. Куйесің ,журек,Суйесің Алматы: «Санат» 2001 408бет
  5. Абай жайлы сөз -Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасы. «Өскемен» 1995
  6. З.Ахметов. Абайдың ақындық әлемі
  7. Д.Омаров. Абайтану. Алматы1995 18-21б
  8. Абай. Шығармалар екі томдық жинағы Өлеңдер мен аудармалар.

Алматы «Жазушы» 2002

  1. М.Мырзахметов . Абай жүрген ізбенен. Алматы: «Қазақстан»1985 172 бет

10.Ұ.Әбділдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан»1994 88б

  1. Ә. Жиреншин .Абай. Алматы 1961
  2. Т. Қожакеев. Абай – сатирик. Алматы: «Білім» 1970 30 бет
  3. Абай. Нақыл сөздер

Алматы. «Көшпенділер» 2007ж 160 бет

  1. Т. Әлімқұлов. Әдеби — сын зерттеу. Алматы: «Жазушы»1993ж 224 бет
  2. Абай. Энциклопедия.

Алматы: «Атамұра» 1995ж

  1. Х. Шүйіншалин Абайдың қара сөздері
  2. Д. Досжан Абайдың тұқым тұяғы
  3. Абай журналы
  4. С. Өзбекұлы «Абай және адам құқы» Жеті жарғы Алматы. 1995 3 – 6 бет
  5. Абайды оқы, таңырқа… — Алматы «Ана тілі» 1993