Оқушыларды зергерлік бұйымдардың жасалу технологиясының әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларды  зергерлік  бұйымдардың жасалу технологиясының  әдістемелік ерекшеліктеріне бейімдеу

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жұмыстың көкейкестілігі:   Әрбір мемлекеттің мәдени — экономикалық дамуы қайсы бір тарихи кезеңде болмасын ондағы кәсіптік білім беру жүйесімен байласынты. Қазіргі өнім өндіру қызметі жаңа технологияға негізделген экономикалық жүйеге ұмтылуда. Кәсіптік білім алудың әлемдік, көкейкесті мәселері Қазақстан Республикасына оа ортақ. Үшінші мыңжылдық табалдырығына адамзат қоғамы ақпараттық техникамен қаруланып, өзінің еңбек дәстүрлеріне үлкен өзгкерістер енгізуде. Техника арқылы адам ақпаратты, құнды тауарға айналдыра бастады. Соған байланысты кәсіптің жаңа түрлері пайда бола бастады. Сондықтан жа жалпы білім беретін бағдарламаға кәсіпті игеруге қатысты басқа да білім аясымен байласыну қажет. Жеке бас пен табиғатқа қатысты барлық проблемаларды қамту керек.

Нарықтық экономика жағдайында жалпы білім беретін мектептерде оқушыны еңбекке даярлау, еңбек салтын үйрену және әр кезде ұрпақтарға берілуінің көп ғасырлық тарихын, мәдениетін технология пәнін оқыту барысында жүзеге асыруға болады.

Солай бола тұрса да, соңғы кезде еңбекке және кәсіпке даярлау мәселесін базалық кәсіпорындармен тығыз байланыстырып шешуде кәсіпорындар экономикалық тәуелсіздік алдық деген ұранмен еңбек тәрбиесінде оқу — өндірістік комбинаттардың жағдайы соңғы жылдары қайтадан қалыпқа келіп жатқандығын байқауға болады.

Қазіргі кезде нарықтық оқу — материалдық жағдайында жастарды мамандық алуға даярлаудың негізгі бағыттары алдымен жалпы білім беретін мектептерде, кейін оны оқу — өндірістік комбинаттарда, кәсіптік мектептерде жалғастырғанын есепке алып анықтаудың үлкен пратикалық маңызы бар. Осындай мақсаттарды жүзеге асыруды оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау мәселесін біршама зерттеп, жаңа әлеуметтік — экономикалық кезеңде, нарықтық экономика жағдайында технология пәнін дұрыс оқытып, бұл мәселені ойдағыдай іске асыруға байланысты экономиканы түпкілікті өзгертуге орай жаңаша ойлай білетін, шығармашылық қабілтеі жоғары, өзіне жауапкершілікпен қарайтын жастарды дайындау қажеттігін айта отырып, қазіргі кезде оқушылардың келешекте қандай жұмыстар істеу керектігі жөнінде әдістемелік жағынан нұсқаулар беріліп отырылуы қажет.

Елімізде жаңа экономикалық арнаға көшу мәселесі қолға алынып, көптеген өзгерістер болып жатқанда, мектеп өмірінде көп бастама, жаңа түр, жаңа мазмұн, жаңаша еңбекті ұйымдастырудың, әсіресе, нарық жағдайында оқушыны еңбекке даярлаудың әдіс — тәсілдерін анықтау мүмкіншілктерін пайдалану керек.

Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау процесі заңымен үйлестіре отырылып, күрделі өзгерістер негізінде яғни, концептуальдық деңгейде жүргізілуі тиіс. Концепцияны жасауда тек өзінің жетістігімен шектеліп қан қоймай, өзге елдің теориялық біліммен мол қаруланып, олардың практикалық іс — әрекет барысында кемшіліктерден сақтануға көмектеседі.

Оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне сай даярлау, баспасөз құралдары, жүздесулер, пікір таласулар, қазіргі ақпараттар мен көне мұраларды зерттеу арқылы байытылып отырылады. Сондай — ақ, нормативті заңдар, теориялар мен концепциялар, білім беру мекемелері мен қоғам құныдылықтары. Салыстырмалы түрде жүргізілетін педагогикалық зерттеулер мәдениетті байытудың ең тиімді әдісі болып саналады. Олар материалдарды іріктеу мен сұрыптау, ұғындыру мен ойға түю және алынған нәтижелерді бір -бірімен салыстыру және даярлау жүйесі болып бөлінеді. Аталмыш үлгі оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау процесіндегі оң және теріс тенденцияларды анықтау, олардың шығу себептерін білу арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінде талдау жасау, жаңа жүйенің қайта жаңғырту, қалыптасу кезеңдері де болады. Ал, еңбекке және кәсіпке даярлау процесі қазіргі заман мәдениетіне сай болып келуі үшін алдымен оған жан — жақты талдау жасауы оның дамуын айқындап, жаңа үлгілер мен жобаларды жасауға негіз қалайды. Сұраныс пен материалдық жағдай, сондай — ақ оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың міндеттері, мазмұны, тәсілдері мен ұйымдастыру түрлернің әр кезеңге тән өзіндік ерекшіліктері болады. Бұл орайда ғылыми — техникалық революция және осыдан туындайтын барлық әлеуметтік — экономикалық өзгерістер алдыңғы орынға шығады. Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың ерекшеліктері мен табиғаты сол елдің жағрапиялық жағдайы мен саяси құрылымына, ғылымы мен дініне және ұлттық дәстүрлеріне байланысты болып келеді де, заң артілерімен бекітіледі. Ал, оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың алға қойған мақсаты оқушының қабілет — қарымы, дағдысы, бейімділігі және маман болып қалыптасуға деген құлшынысымен өлшенеді. Жалпы оқушыларды кәсіпке даярлау құрылымы кісіпке даярлық, кәсіптік бағдар, үйірмелерге қатысу т.б. болып жалғаса береді.

«Технология» интегративті білім саласы ғылыми — жаратылыс, гуманитарлық — технологиялық, жалпы адамдық және мәдениеттік мәселелерді қарастыруға қолайлы келеді. Себебі, жалпы мектептерде оқытылатын интегративті пәндерде оқушыларды өмір сүру рамкасында белсенділігін арттыруға даярлау дың мүмкіндігін тудырады. Бізідңше қазіргі заман мәдениетін екі жақта қарастыруға болады. Біріншісі — материалдық, екіншісі — рухани. Бірақ талап бойынша «Технология» интегративті білім саласында адам өміріне қажетті болашақтық технология жайында ақыл — ой, сезімдік әркеттері жүйесін қалыптастыру; жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті таныстыру; қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету әдістерімен таныстыру; оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуін дамыту; нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг салаларына қатысты негізіг ұғымдарды меңгеру және оларды өз өнімдерін іске асыру мен қызмет көрсетуде қолдануға мүмкіндік беру; бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және сәндік қолданбалы өнер негіздерін кәсіпке оқыту мазмұнын ескеру қажет болып саналады. Себебі мұнда кәсіптік оқытуға байланысты «Киім тарихы», «Киім композициясы», «Ақпаратты технологиялық тігін машиналары», «Тігін бұйымдарын конструкциялаудың дәстүрлі емес әдістері», «Тігін бұйымдарын сәндеу технологиясы», «Адам тұлғасын тану», «Түстану», т.б. тарауларына аз көңіл бөлінген. Осы мәселелерді оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда жүзеге асыру мақсатында біз диплом жұмысымыздың тақырыбын «Қазіргі мәдениет талабына сай оқушыларды кәсіпке даярлау мүмкіндіктері» деп таңдап алуға мұрындық болды.

Мәдениет — халықтың шығармашылығы. Мәдениет дегеніміз — адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау процесі. Адамдық әрекет шеңберіне қамтылған қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға айналып біздің тіршіліміздің тіректері болады. Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы оқушыларды ыждаһатты, жігерлі және жан — жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу және оқыту үрдісі барысында оқушылар даярлығының қолданбалы экономикалық жағын күшейту мәселелері ескеріледі. Қазіргі уақытта әлеуметтік және қоғамдық өмірде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты бұл тақырып әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Соның бірі, жастарды тіршілік иесі ретінде сыртқы сұлулықа тәнті болып қана қоймай, оның ішкі мазмұнына ерекше мән адам тұрғысының барлық жағына қатысы бар мәселелер және біз, зерттеу жұмысымызда ҚР елбасы Н.Назарбаевтың 5 — сәуірде Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей «Жастарды өз халқының тарихи мұраларын сақтау және оларды оқу — тәрбие үрдісінде септігін тигізетін білім мазмұныда ескеріп отыру қажет» /39/ — жолдауы да ескерілді. Себебі, ертеден — ақ данагөй қариялар жас ұрпаққа ата — баба дәстүрін қасиетті танымдары мен сенідерін баян етті. Соынмен қатар өру, тоқу, тігу, иіру, өрнектеу тәсілдеріне баулыды. Қорыта келгенде, халық тәжірибесіндегі бала тәрбиесі бір — бірімен тығыз байланысып отыратын екі мақсатқа бағыттадық.

  1. Баланы еңбекке үйрету барысында оның қабілет — икемін, дағдысын дамыту.
  2. еңбек үстінде бала бойына халықтық ізгі қасиеттерді сіңіріп, дарыту. Бұл екі бағыт бір -бірімен жалғаса отырып, тәрбиенің барлық түрлерін қамтиды.

Жалпы оқушыларды еңбекке баулу барысында имандылық, адамгершілік тәрбиелерде бірқатар педагог — ғалымдардың еңбектерін зерделеуде байқауға болады. Атап айтқанда: М.Қоянбаев /17/, С.Әбдіғаппарова /4/, К.Қожахметова /20/, Ғаббасов С /21/. Себебі, халық дәстүрлері жастар тәрбиесінде негізгі орын алады. Оқытудың жаңа технологиялары бойынша Қ.Қабдықайырұлы /16/, кәсіпке оқыту Д.Қоңыратбай /19/.

Қазіргі заман мәдениеті талабына сай бұйым әзірлеу технологиясын жүзеге асыруда келесі арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды: киімге қолданылатын маталар бойынша А.Байбатшаева /9/, киімді көркемдеп сәндеу С.Жолдасбекова /13/ толығымен өңдеудің жалпы кезеңдерін қамтитын және оларға қолданылатын тігін машиналарының түрлері туралы мағлұматтарға Зюзин А.И., Исаев И.К., Осипова /15/, Бернина Артиста 180 /12/, балалар және әйелдер киімдерін сәндеу Бағжаева А./6/, сырт киімдерді әзірлеуде Литвина В /25/. Киімді конструкциялау және модельдеу бойынша Махмутова К /22/. Ал, стильдерді қазіргі заман талабына сай таңдауға Гофман А.Б. «Мода и люди» /10/, киімдерді жобалау Коробцева К /14/ т.б. «Тігін бұйымдарының техникасы мен технологиясы» Ұзақова А /31/.

Қазіргі заман мәдениеті стиліндегі киім үлгілерін пайдалануға, «Технология» интегративті білім саласы /34/, «Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу» /35/, «Қолөнер және дизайн» /36/, «Тұрмыста қызмет көрсету еңбегі» /38/ бағдарламаларына талдау жасалынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушыларды еңбекке баулу арқылы, технология сабағында оларды қазіргі заман талабына сай кәсіпке бейім болып өсуін, кемелденуін және нарық жағдайында оңтайлы жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ете отырып оқушыға ұлттық киімде ою-өрнектердің орналасу тәсілдерін үйрету жолдары..

Зерттеу жұмысының объектісі: мектеп оқушыларын қазіргі талабына сай кәіспке оқыту үрдісі.

Зерттеу жұмысының пәні: оқушыларға қазіргі мәдениет талабына сай кәсіби білім беру.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлауға болады: егерде:

  • оқушыларды қазіргі заман мәдениеті талабына сай кәсіпке даярлауда, оларды жаңа ағын көздері және ақпаратты технологиялармен жұмыс жасау мүмкіндігі ескерілсе.

Оқушыларды кәсіпке даярлау міндеттері әдетте еңбекке даярлау мақсаттарын туындайды. Сондықтан да жоғары сыныптарда аталмыш мақсаттарды инвариантты топтарға бөліп қарастыруды жөн көрдік. Даярлау — оқыту үрдісінің дамуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да:

  1. Оқушыларды кәсіпке бейімділігін, қабілетін, дағдысын шыңдауға және дамытуға бағытталған педагогикалық міндеттер:
  • педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы оқушыларды қазіргі заман мәдениетіне қатысты ұғымдарды зерделеу;
  • еңбекке және кәсіпке даярлау процесі барысында оқушылар бойында танымдық мәдениетті қалыптастыру;
  • оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына байланысты мәдени — эстетикалық құндылықтармен қаруландыру.
  1. Еңбекке және кәсіпке оқыту бағдарламасындағы қазіргі заман мәдениеті талабына сай мағлұматтарды зерделеуге және оқытуға қойылатын міндеттер:
  • «Технология» интегративті білім саласының мазмұнындағы қазіргі мәдениет талабына сай мағлұматтарды зерделеу;
  • оқушылар зердесінде қазіргі заман мәдениеті талаптарына сай оқытудың тиімді әдістері мен формаларын қалыптастыру;
  • оқушыларды кәсіпке даярлау бағдарламасының қазіргі заман талабына сай тарауларында талдау жасау;
  1. Техника, технологиялық даярлығына байланысты міндеттер:
  • еңбек объектісіне қажетті материалдарды таңдау;
  • бұйымды конструкциялау және модельдеу;
  • бұйымды өңдеу технологиясы;
  • бұйымның құнын есептеу;

Зерттеу жұмысының ғылыми — әдістемелік жаңалығы:

  • қазіргі заман мәдениеті талабына сай оқушыларды кәсіпке даярлауда жаңа ақпараттық технологиялық тігін машиналары мен оларда әзірленетін сәндік элементтерін киім үлгілерінде қолдану ескерілді;
  • ақпараттық технологиялық тігін машиналарына мәлімет берілді.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:

Мектепте оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау барысында қазіргі заман мәдениетіне тән ұсыныстар, олардың танымдық ой — өрісі мен іс — әрекетінің өсуіне мүмкіндік береді.