Өнерлі бала сүйкімді (3 – сынып)

Өнерлі бала сүйкімді (3 – сынып)

Сабақтың мақсаты:   «Өнер» ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Шаттық шеңбері: Балалар барлығы шеңберге тұрып, қолдарына жүрекшелер алады. Шеңбер бойын айналып бір – біріне тілек айтады, жүрек сыйлайды. Мұғалімнің қолындағы қорапшадан гүл алып, сол қағаздың түсіне сай оқушылар 3 топқа бөлінеді.
  2. Үй тапсырмасын тексеру: «Ақын деген кім?» мәтінін оқыдыңдар ма?

А) Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады екен?

Б) Ақын дегеніміз кім екен балалар?

  1. Жаңа сабақ. Әңгімелесу

1) Балалар қандай адамдарды өнерлі деп санайды екенбіз?

2) «Өнерлі өрге жүзер » деген мақалды қалай түсінесіңдер?

 А) Мультфильм  «ақсақ құлан» мултьфильмін интерактивті тақтадан көрсету.

 В) Тапсырма. Балалар топ болып жарысамыз. Әр топқа тапсырма бір өнер көрсету.

 С) Жаңа ақпарат. (Қолыма кукла түлкі мен жылан алып өзара сөйлестіру)Оқушыларға өнер, өнерпаздық сөздерінің мағынасын түсіндіріп, дәптермен жұмыс жүргізу. «Қоршаған әлемді көркемдеп бейнелеу көрінісі өнер деп аталады. Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.»

 Д) Дәптермен жұмыс. Дәптердегі тапсырманы орындау барысында балаларда өнерлі бала туралы ойлар жинақталады.

Тапсырма: Дәптерде берілген ребусты дұрыс шешсеңдер, өнер туралы халық даналығын оқи аласыңдар.  Шешуі: «Өнерлі бала сүйкімді».

 Е) Сергіту сәті. Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім кубик лақтырады. Кубиктің 6 жағында, 6 мамандық иесі болады.1. Биші; 2. Әнші; 3. Домбырашы; 4. Құрылысшы; 5.Суретші; 6. Актер. Кубуктің қай жағы түссе, сол адамның қимылын бірге жасайды. (күй «Адай»)

  1. Жаңа сабақты бекіту. Балаларға жүрекше таратып «бүгін мен не үйрендім» деген сұраққа жауап жазуы сұралады. Балалар өнер адамы деп кімдерді атаймыз?

— Жарайсыңдар, балалар! Өнерлі деп тек қана бір өнер түрін игерген адамды айтпаймыз. Сол өнерін, білімін, ақылына сай етіп өмірде қолдана алатын адамды да өнерлі деп айтамыз.

  1. Жүректен – жүрекке. а) бірінші топ – бұлтқа адам жанын жабырқататын сөздер в) екінші топ – күнге анасы қалай еркелететінін жазу, үшінші топ – кемпірқосаққа алғыс айтқандағы сөздер жазу. Балалар, кез – келген өнер түрі адамға жақсы сезімдер сыйлайды екен. Дәл қазір барлығымыз шеңберге тұрып, қол ұстасып Асылбек Еңсеповтың «Балалық» күйін тыңдайық.
  2. Үйге тапсырма беру. Өнер туралы мақалдар жазу
  3. Бағалау. Дұрыс жауапқа гүлдер беріліп отырады. Оқушылар өз – өздерін бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Жақсы» .