Білім – ақиқат бастауы.

Тақырыбы :   Білім – ақиқат бастауы.

Мақсаты:     Балалардың « білім » құндылығы туралы  

                      түсініктерін кеңейту.

Міндеті:       -білімнің адам өміріндегі маңыздылығын білуге

                      тәрбиелеу;               

                     -білімге,оқуға құштарын арттыру;

                     -жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекілік:  оқулық,дәптер,күн суреті.

 

Шаттық шеңбері:

                       Балалар шеңберге тұрып, Ы. Алтынсариннің  «Кел  балалар    

                         оқылық!» өлеңін  жатқа  айтады.

Әңгімелесу:-Білім  адамға  не үшін қажет?  

  -«Оқу инемен құдық  қазғандай» дегенді қалай    түсінесіңдер?-    

   (ойларын  тыңдау)

 -Өзіңе белгісіз нәрселерді естігенде қандай  күйде боласың?

 -Теледидардан қандай  танымдық   бағдарламаларды қарағанды                  ұнатасың?

  -Оқушылардың білім  сайыстарына қатысқың

                       келе ме ? Неліктен?

Сөйлемдерді өз ойларыңмен толықтырыңдар.

                       Мен мектепке … үшін барамын.

                       Мектепте … үйрендім.

                       Мен мектепте … жақсы көремін.

                       Мектеп … ұнайды.

Мәтінмен жұмыс.

                       «Білім мен байлық» мәтінін әңгімелеп беру.

Дәптермен жұмыс.

                         Дәптердегі кестеге мәтін бойынша білімнің              

                         байлықтан артықшылықтарын тауып

                         жаздырту.Жазып болған соң,тақтадағы

                         «Білім»,         «Байлық» атты күн суретіне жазған

                         ойларын қойдырту.Салыстырмалы түрде

                        әр ой талданады.

Дәйексөз.     

 Қазақтың ағартушы-педагогі     Ы.Алтынсариннің «Өнер,білім-бәрі де

 оқуменен табылған»,-деп айтқанын  қалай түсінесіңдер?

 Жауаптарын тыңдап,қорытындылау:

                    

  -Балалар,өнер де,білім де тек оқудың  арқасында болатынын дұрыс айттыңдар.Оқу арқылы білімнің,өнердің қыр-сырларымен таныс боласыңдар. Білім,өнер-жақсы өмір сүруге септігін тигізеді.Жастайыңнан көп оқысаңдар,көп білесіңдерөздеріңе жақсы.Көп білгендерің-қиындықты                 жеңгендерің.

Білімді адамның,ала алмайтын биігі жоқ.Бәріне де өнердің,білімнің

нәтижесінде қол жеткізуге болады.Сол себепті  әрі жақсы,әрі көп оқуға ұмтылғанымыз дұрыс.

Тапсырма.    Оқушыларды   «Алғырлар» мен «Білгірлер»

тобына бөліп,оқулықтағы мақал-мәтелдерді жылдам жалғастырып айтуды тапсыру.

«Мақалды жалғастыр» ойыны.

Оқу, білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып айтып, жарыс түрінде  жүргізу.

Мақал-мәтелдер:

1.Ақыл тозбайтын тон,…(Білім таусылмайтын

кен).

2.Білімдіге дүние жарық,…(Білімсіздің күні-

ғаріп)

3.Білім –арзан,…(Білу –қымбат)

 

Тыныштық сәті.

 Ауызша , жазба жұмыстарынан ойлану жұмысына ауысу аралығында оқушыларды жақсы көңілмен тынықтырып алу үшін ұйымдастырылады.

       Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көзерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыды. (2 мин)

Жаттығу-ойлану

  Тақтаға сызбаны іліп қою.Осыны әр оқушы өзінің алдында тұрған ақ параққа жазып,   оған осы төрт тарамның(ойын,білім,байлық, еңбек) өмірдегі маңыздылығына қарай түрлі- түсті қарындашпен сызып көрсетуді тапсыру.

Дәптермен  жұмыс.

Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып, шешуін табуды тапсыру.

 

Қорытындылау.

 -Білімнің адам өміріндегі маңызы зор екенін түсіндік.

— Білім оқу арқылы жинақталатынын ұғындық.

-Білім арқылы өмірдің ақиқатына көзжеткізесің. Өйткені,білім-ақиқат бастауы.

Жүректен-жүрекке.Балалар шеңбер құрып тұрып,бір-біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта маман иесі болатындықтарына сенім білдіріп тілектерін айтқызу.

               Сабақты  Д.Әлімжановтың өлеңімен аяқтау.