Үй жануарлары. Дыбыстық талдау
- Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары. Дыбыстық талдау.
Сабақтың мақсаты: 1. Үй жануарларын таныстыра отырып, түсіндіру.
- Еңбек етуге баулу.
- Малдың қасиеттері, пайдасы, оларды күту,туралы түсініктерін кеңейте түсу. Үй жануарларын танып білу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру. 1. Оқушыларды түгендеу
- Зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру:
-Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?
-Жабайы жануарларды атаңдар?
— Үй жануарлары деп қандай жануарларды айтамыз?
Атаңдар.-Үй құстарын ата.
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Үй жануарлары туралы түсінік беру.ә) Үй жануарларының атын атап, дауысты дыбыстарды анықтау.Сергіту сәті.. « Төлдер»
Ү. Жаңа білімді бекіту:
-Үй жануарларының пайдасы.-Үй жануарлары деп аталу себебі не?
б) Дыбыстық талдау жасау: Мына сөздерде қанша дыбыс бар? Жылқы, Түйе. Сиыр.Қой. Ешкі.
д) Дәптермен жұмыс
ҮІ .Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.
Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.»М…с…қ, …т. б…т… , қ…з… , қ…л…н, л..қ, б…з…у.