Көкөністер. Жеміс-жидектер.
11.Сабақтың тақырыбы: Көкөністер. Жеміс-жидектер.
Сабақтың мақсаты: 1. Көкөніс,жеміс-жидектермен таныстыра отырып, қайда өсетіндігі, пайдасы туралы түсіндіру. 2. Тазалыққа үйрету , салауаттылыққа баулу
- Дәрумендер осы жемісте екенін жете білу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу 2.Зейінін сабаққа аудару.
ІІ .Өткен сабақты еске түсіру: -Үй жануарларының қандай түрлерін білесіңдер- Малдың пірі не?-Үй жануарларының пайдасы қандай?
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Көкөніс, жеміс-жидек туралы түсінік беру.ә) Жемістер туралы оқушылардың білетінін анықтау.-Жемістер қайда өседі?-Сендер жемістерді білесіңдер ме?
-Алма, алмұрт, шие, жүзім, қарақат,алхоры т.б.
Ү. Жаңа білімді бекіту:-Балалар, қане кім әңгімелеп береді?-Сендердің бақта қандай жемістер өседі?-Жемістерді қысқа қалай сақтайды?-Одан біз қандай пайдалы жағын қажетімізге жаратамыз?-Көкөністер қайда өседі?-Көкөністерді ата?д) Дәптермен жұмыс
ҮІ. Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен көкөністер, жеміс-жидектер туралы білдік? Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.» ..лм…, …р…к,