Құстар

  1. Сабақтың тақырыбы: Құстар .

Сабақтың мақсаты:  1. Құстар туралы түсінік беру.

  1. Экологиялық тәрбие беру.
  2. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.1. Оқушыларды түгендеу

  1. Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?-Жабайы жануарларды атаңдар?-Үй құстары деп қандай құстарды айтамыз? Атаңдар.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Құстар туралы түсінік беру.

ә) Құстар екіге бөлінеді:

  1. Үй құстары.2. Жабайы құстар.

б) Үй құстарын көрнекілік көмегімен атау.

Ү. Жаңа білімді бекіту: -Қандай үй құстарын білесіңдер?

-Қандай құстар жабайы құстар деп аталады?

б) Үй құстарына дыбыстық талдау жасау:

 Мына сөздерде қанша дыбыс бар?

Қаз,әтеш,тауық,үйрек, балапан,үндік.

в) Бір құсты ата, сол сөзді буынға бөл.

Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.

Сергіту сәтін өткізу.

д) Дәптермен жұмыс

ҮІ .Сабақты қорытындылау:Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары  туралы білдік.

Жұмбақ шешу.