Сабақтың тақырыбы: «Do you know English well?»
Сабақтың тақырыбы: «Do you know English well?»
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары: Тіл үйренудің стратегияларын қоданып,оқушыларды
жоғары нәтижеге жеткізу;
Белсенділік- оқушының жасайтын әрекетін, оның
ақыл ой қабілеттілігін арттыру
Берілген тапсырма бойынша білімдерін тексеру;
Оқып үйренудің нәтижесі: Оқушыларда қабылдау, ойлау, жаңа білімді есте сақтау
бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру
Негізгі идеялар; Ағылшын тілінде білген білімдерін сабақ барысында
ойын түрінде пайдалана білу.
Тапсырмалар: антонимдер мен синонимдерді табу.Сын есімнің
шырайларын 3 формада беру. аяқтарды санап,есептеп
шығару.сөздер арқылы сурет салу. электронды
оқулықтан тексті тыңдап берілген сұрақтарға жауап
беру .
Дерек көздер: ғаламтор.электронды оқулық.
Көрнекіліктер: Тақырыптық суреттер, стикерлер,бағалау
парақшасы,кубик,
антоним,синоним,конверт,жалаушалар
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Күтілетін нәтиже | Уақыт |
Сәлемдесу Жоқтама жасау Топқа бөлу Ит және мысық деп жазылған стикерлерді балаларға таратып беремін | Олар осы жануарлардың атауымен екі топқа бөлініп отырады, және сол үй жануарларының дауысын салып береді. | Топпен жұмыс жасауға баулу. Балалардың ынтасын күшейту. | 3 мин |
Сабақтың шартын түсіндіру Сабақ барысында әр бір шарттарды орындай отырып, мынау берілген таудың шыңына қайсы топ тезірек жетсе сол топ бүгінгі сабақ жеңімпазы аталмақ 1 топ көк жалауша 2 топ қызыл жалауша | Таудың шыңына бірінші болып жетуге ынталана отырып, тапсырмаларды орындау | Балалардың мотивациясын арттыру | 2 мин |
Speech drill ABCD…… Бірнеше оқушыдан сұраймын. | My name is… My friend name is …. We live in …. We sell …… etc. | Тілді жаттықтыру, ойлау сөйлеу қабілеттірін дамыту. | 5 мин |
Алғашқы сайыстың шарты мынадай. Конверттерде берілген антоним синонимдерді сәйкестендіріп табу | 2 топ өздеріне берілген тапсырманы сәйкестендіріп табады. 1 топқа антоним. 2 топқа синоним. | Сөздік қорларын дамыта отырып, сөйлеуге үйрету. | 5 мин |
«Ең мықты тапқыр» | Кубикті дөңгелету арқылы сәйкес келген сын есімнің шырайларын 3 формада тауып ауызша айтып береді. | Балалардың көру, ойлау, табу, есте сақтау секілді түйсіктеріне шабуыл жасау | 5 мин |
«Ең жақсы математик» деп аталады келесі ойын шарты | Суреттегі берілген тапсырмаға сәйкес аяқтың қаншау екенін дұрыс санап шығару | Қатысушыларды жылдамдыққа, топпен жұмыс жасауға, біріге отырып шешім қабылдауға баулу | 5 мин |
Суреттер сөйлейді | Сөздер жазу арқылы белгілі бір суретті бейнелеп шығару | Ойлай отырып, ойлануға, ойлана отырып қағаз бетіне түсіруге,суреттерді сөйлетуге үйрету | 5 мин |
Мәтінді тыңдап,сұрақтарға жауап беру Электронды оқулық | Алдарына берілген сұрақтардың жауабын мәтіннен тыңдап, тауып дұрыс жауабын жазу | АКТ ны қолдану әдістерін кеңейту. | 10 мин |
Қорытынды Тау шыңына жеткен топты анықтау | өзін өзі бағалау арқылы, өз нәтижелеріне көз жеткізу | 5 мин |