Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана.

№75 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Домалақ ана.

Сабақтың мақсаты: а) Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы түсінік беру.ә)  Жаттығулар орындау арқылыоқушылардың ой-өрісін дамыту. б)  Домалақ ана өлеңін оқу,талдауарқылы ананы сүюге ,құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:үйректің суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген «Өнерлі жігіт» әңгімесі туралы кім не айтады?-Өнерлі жігіт деген қандай жігіт?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-«Өнерлі жігіт» әңгімесін пысықтап, талдау.- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?

  1. Мақсат қою кезеңі:-Заттың санын білдіретін сөздер деген қандай сөздер?

Бір, екі, үш  бұлар нені білдіреді?-сандыМысал келтірейікші.Алмас театрға екі билет сатып алды.

  1. Жаңа сабақ:133-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыпжазыңдар.Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.134-жаттығу Сөйлемдерді оқып шығып, көшіріп жазыңдар2. нешінші деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып , астын сыз.135-жаттығу сурет бойынша әңгіме құрау136-жаттығу Сандарды сөзбен жазу.

ЕРЕЖЕНІ жаттау«Домалақ ана» Автор Т.Молдағалиев туралы түсінік беру

VI.Жаңа материалды пысықтау:137-жаттығу сұрақ-жауап  ұйымдастыру

VII.Бекіту  кезеңі:-сан есім дегеніміз не?-Қанша?Неше?Нешінші сұрақтарына жауап беретін сөздерге мысал келтіру.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:138-жаттығу