№12 өзіндік жұмыс. Өнерлі жігіт
№74 сабақ. Сабақтың тақырыбы: №12 өзіндік жұмыс.Өнерлі жігіт
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Әбу Насыр әл Фараби туралы түсінік беру, әңгімемен таныстыру ә) Өздік жұмысын орындау арқылы оқушының ой-өрісін дамыту б) Оқушыларды өнер сүйгіштікке ,бірізділіккеадамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, әл-Фараби суреті, нақыл сөздер
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?132-жаттығу.Оқушылардың дәптерлеріне жаттығудың орындалуын тексеру,шолу жасау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Абай Құнанбаевдеген кім?
— Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Ахмет Байтұрсынов кім?Оның қандай өлеңімен таныстық?
- Мақсат қою кезеңі:-Балалар,бүгін біз сендермен «Өнерлі жігіт »әңгімесін және өз бетінше жұмыс жасаймыз.
- Жаңа сабақ:-Бұрын соңды әл-Фараби деген кісіні естігендерің бар ма?Ол кім болған, білеміз ба?әл Фараби суретін көрсетіп таныстыру, «Өнерлі жігіт» әңгімесін оқып, түсіндіріп талдап беру.Оқушылардың оқулықпен жұмысы.Әңгімені тізбектей оқу.
VI.Жаңа материалды пысықтау:№12 өзіндік жұмыс Жұп дауыстылар1.Сөз ойлап жаз А-ә о-ө ү-ұ ы-іСан-сән тор Тол 2.Әріптердің тиістісін қойып жаз3.о,а,ә, ұ,і дыб-н қатыстырып, туыстықты білдіретін сөздер ойлап жаз.4. «Нағашы ата» тақырыбына әңгіме жаз
VII.Бекіту кезеңі:1.Фараби кім?2.Өнерлі жігіт қандайжақсылыққа жетеді?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:146-147 бетті мәнерлеп оқу.