Заттың санын білдіретін сөздер. Үш би. Мақал
№76 сабақ.Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Үш би. Мақал
Сабақтың мақсаты: а) Заттың санын білдіретін сөздер қанша?неше? ұғымы туралы Білімдерін пысықтау.Қазақтың үш биі туралы мағлұмат беру. ә) Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын , есте сақтау қабілет б) Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:үш би суреті,сұрақтар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге берілген «Домалақ ана» өлеңі туралы кім не айтады?Үйге берілген тапсырманы 138-жаттығуды пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-«Домалақ ана» өлеңін пысықтап оқыту- Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?-Заттың сынын білдіретін сөздерді қалай атаймыз?
- Мақсат қою кезеңі:-Заттың санын білдіретін сөздер деген қандай сөздер?Мысал келтірейік.Бүгін біз сендермен Үш би.Мақалмен танысамыз.
- Жаңа сабақ:Қазақтың үш биі туралы не айтамыз?Үш би Н.Оразалиннің өлеңін оқуъ
Мақал жаттаймызСанамақ айтамыз.«Жеті жұлдыз» өлеңін оқимыз.Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би суреттерін көрсете отырып билердің нақыл сөздерімен таныстыру.2.Үш би өлеңін оқып талдау.Төле би-Қазыбек би-Әйтеке би
VI.Жаңа материалды пысықтау:Мақал
Шешен сөз бастар
Батыр қол бастар
а)Шешен деп кімді айтамыз?
Батыр деп кімді айтамыз
VII.Бекіту кезеңі:139-жаттығу 1. Санамақты оқыңдар.Неше?сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.2Неше сұрағына жауап беретін сөздерді атаңдар?
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Үш би өлеңін жаттау.