Дөңгелек диаграмма
Сабақ жоспары МАТЕМАТИКА 5 сынып
| Апта | Күні | Сабақ | |||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Дөңгелек диаграмма | ||||||||||
| Жалпы мақсаты | Процент және бөлшекпен берілген шамалардан бұрыштың өлшемін таба білуге, транспортир пайдаланып кез-келген бұрыш салып, дөңгелек диаграмма салуға дағдыландыру | ||||||||||
| Күтілетін нәтижелер | Дөңгелек диаграмма салу | ||||||||||
| Сабақ түрі | Есептер шығару | ||||||||||
| Тапсырмалар | *топтық жұмыс * сұрақ-жауап әдісі * деңгейлік тапсырмалар *рефлексия | ||||||||||
| Керекті жабдықтар | Бұрыш түрлері, транспортир, үшбұрышты сызғыш, постер, бояу | ||||||||||
| Сабақ барысы: | |||||||||||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||
| Кіріспе | Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу, түгендеу, 4 топқа бөлу. Үй тапсырмасы: 1. Процент бойынша дөңгелек диаграмманы қалай салу керек? 2. Шамалар бөлшекпен берілсе, дөңгелек диаграммада оны қалай салу керек? ↓↑ дәрежелі сұрақтар қою Дарынды балаларға: ↑ Мәртебелі сұрақ. 1. Күнделікті өмірден дөңгелек диаграмманы қайдан байқадыңыздар? 2. Балалар, сағат түскі 15:00 болса, дөңгелек диаграмманы сағат тілдерін неше және қандай бұрышға бөледі? Өткен сабақты қорытындылай келе, сабаққа кіріспе жасалады. | оқушылар жоқ оқушыларды атайды, топқа бөлінеді. 
 Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді. 
 Оқушылар тапсырмаларға жауап беруге дайындалады. 
 
 
 
 
 
 Өткен сабақты еске түсіреді. 
 
 Оқушылар тыңдайды, сұраққа жауап береді. | |||||||||
| Тұсаукесер | Өткен сабақпен байланыстыра отырып шолу жасап өтемін. ой бөлісу. 1. Дөңгелек диаграмма не үшін қажет? ( толық бір шаманы құрамды бөліктерге бөліп, сол бөліктерді салыстыру үшін қажет) 2. Дөңгелек диаграммадағы сәйкес бұрыштың градустық өлшем бірлігі қандай? (3600*0,1=360) | Оқушылар тыңдайды. 
 
 
 
 Оқушылар еске түсіреді, талдайды, жауап береді. | |||||||||
| Негізгі бөлім | ТАПСЫРМА 1 Ауаның 78%-і азот, 21%-і оттегі, қалғаны әр түрлі газдар. Ауадағы азоттың, оттегінің, түрлі газдардың дөңгелек диаграммасын салыңдар. ТАПСЫРМА 2 Метеориттің құрамында 91% темір, 8,5% никель және қалғаны кобальт. Метеорит құрамының дөңгелек диаграммасын салыңдар. ТАПСЫРМА 3 Балмұздақтың 6 бөлігі су, ал 2 бөлігі сары май, 2 бөлігі қант. Балмұздақтың құрамының дөңгелек диаграммасын салыңдар. ТАПСЫРМА 4 Сыныптығы 30 оқушының 18-і қыздар. Сыныптағы ұлдар мен қыздар санының дөңгелек диаграммасын салыңдар. 
 | Әр топ берілген тапсырмасы бойынша жұмыстанады. Тапсырманы дәптерлеріне жазады. 
 
 
 Процент және бөлшекпен берілген шамаларға дөңгелек диаграмманы постерге салып, түрлі түсті бояумен бояп әдемілейді, топ мүшелері жұмыстарын қорғайды. 
 
 
 
 
 
 | |||||||||
| Қорытынды | Бекіту: Рефлексия. 
 Қорытынды. Бағалау. Оқушылар бағалау өлшемі бойынша бір-бірін бағалайды. Бағалау өлшемдері: 1. Қайталау сұрақтарына жауап береді 2. Белгісіз бұрышты таба алады. 3. Бұрышты сала алады. 4. Шамалар процент, бөлшекпен берілгенде дөңгелек диаграмма салады. 5. Тапсырманы түсіндіре алады | Оқушылар өз ойларын ортаға салады. 
 
 
 
 
 
 Оқушылар бағалау өлшемі бойынша бір-бірін бағалайды. Қалай және қаншалықты жұмыстанғаны туралы айтып өтеді. | |||||||||
| Сабақтың өзіндік талдауы 
 | |||||||||||
| Тәжірибелік сабақты бағалау | |||||||||||
| Сабақ бойынша өзгертулер | |||||||||||
